Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті.
2016 жылдың 12 мамыр күні Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық колледжінің оқытушы құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар кеңес барысында департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына тоқталып, болашақ ұрпақ тәрбиелеу жолында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға шақырды.
Өз кезегінде колледж директоры С.А.Алимбеков сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы қоғамның әр азаматтың борышы екендігіне тоқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сахипов коледжде атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Шараның соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тақырыптық видеоролик көрсетілді.

