Мазмұнға өту

Жаңа

«Майдан жолы» әскери іздеу жасағының пресс-конференциясы

Қазақстан электролиз зауыты базасында құрылған «Майдан жолы» барлау ғылыми-зерттеу жасағы 22-ші сәуір күні Ресейдің көршілес өңірлеріне хабарсыз кеткен сарбаздарды іздестіру мақсатында аттанған болатын. Еуразиялық Топтың (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» атты халықаралық патриоттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылған экспедициясы қарсаңында «Майдан жолы» жасағының мүшелері қортынды жұмыстарымен, бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында бас қосты. «Майдан жолы» патриоттық іздестіру жасағын сапарға шығарып салу – павлодарлықтардың маңызды миссиясын бастайтын дәстүрлі іс-шаралардың бірі. Іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес сарбаздары шайқасқан ұрыс даласына осымен сегізінші жыл аттанып, өз қызметтерін атқарды. Жыл сайынғы экспедициялар 1941-1945 жылдардағы тарих беттер…

1
0
683

«Жетінші арнада» телехикаялар қалай дыбысталады?

Уәде еткеніміздей, көрермендердің көптеген өтініштері бойынша, арнамыздың бір құпиясын ашамыз! Ол кісілерді көпшілік біле бермейді, бірақ дауыстарын бір сәтте-ақ тани қоясыздар! Сонымен, дубляж бөлімінде табанды әрі өнімді еңбек ететін мамандармен жақынырақ таныстырамыз... Нартай Сауданбекұлы – Әли Рза бей, Митхат бей, Яман бей, Әмір, Улуч, Кемаль бей, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттарды дыбыстайды. Гүлнәр Рысбайдың дауысымен - Ферхунде, Фикрет (бала кезі), Неийр, Мехмет, Джанер, Айша сөйлейді. Айым Жетпісова – Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие, Нұрданды дыбыстайды. Олжас Жақыпбек – Шевкет (жас кезі), Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли, Консул, судьялар, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттар. «Жетінші арнаның» дубляж студиясы кәсіби және заманауи жабдықтармен қамтылған. Шетелдік фильмдерді қаз…

1
0
2398

Жеңіс күні

9 – мамыр Ұлы Жеңістің  71 жылдығы қарсаңында Орал қалалық білім бөлімінің №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жеңіс күні» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Шараға департамент өкілі Е.Төлепқалиев қатысып, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бағытында баяндама жасап, қатысушыларды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Шара барысында оқушылардың қатысуымен әр түрлі мерекелік қойылымдары қойылып, соғыс өлеңдері шырқалды.

0
0
244

Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

2009 жылдан бастап республиканың кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдаған жүйелі шараларының нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды. Еске сала кетейік, ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының у…

0
0
302

«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!»

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы А. Мүсірәлімовамен бірлесіп, қалыптасқан игі дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері В. Малаховпен кездесті. Кездесу барысында Е. Жайықбаев Ұлы Жеңістің барлық адамзат үшін маңыздылығын атап өтті, соғыс ардагерін алдағы мерейтойымен құттықтап, оған мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, естелік сыйлық сыйлады. Валентин Иванович Көкшетау қаласында тұрады, Айыртау ауданының Володарское ауылында 1923 жылдың 30 шілдесінде туған. Петропавл педагогикалық институтын география мамандығы бойынша аяқтаған. 1942 жылдың 18 мамырында Көкшетау әскери комиссариа…

0
0
713

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметі тегін болып қала бермек

Қазақстанда жедел медициналық көмек қызметін шақыру ақылы болатыны туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда жедел медициналық көмекті шақыру қызметі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне кіреді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында 2017 жылдан бастап аталған қызмет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің базалық пакетіне кіреді. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Оған жедел жәрдем қызметі мен саниатрлық авиация, әлеуметтік мәні бар және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық егу жұмыстары жатады. Осылайша, жедел медициналық көмекті шақыру қызметі ҚР азаматтарымен қатар, республика аумағындағы шетел азамат…

0
0
262

Жастар жемқорлықсыз өмірді таңдайды

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, заңды құрметтеу мен заң талаптарын сақтауды тарату болып табылады. Өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбилеу, сыбайлас жемқорлықты тұрақты кері бағалауды қоғамда қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Орал ақпараттық техникалық колледжінде «Жастар жемқорлықсыз өмірді таңдайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Орал ақпараттық техникалық колледжінің оқытушылары мен жоғарғы курс оқушылары қатысты. Департамент өкілі М.Харесова өз сөзінде қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттер…

0
0
629

Алматыда ЕАЭО-дағы дәрілік заттар айналысының мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда KIHE 2016 – Қазақстандық Халықаралық 23-ші денсаулық сақтау саласы көрмесінің аясында «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысының жалпы нарығы. Қазақстан Республикасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін дамытудың стратегиясы» атты дөңгелек стол өтті. Шараны «СК Фармация» ЖШС мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырды. Аталған шараға ҚР ДСӘДМ, «Атамекен» ҰКП, ҮЕҰ, отандық тауар өндірушілер өкілдері, шетелдік фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері және т.б. қатысты. Дөңгелек стол барысында «СК Фармация» ЖШС Басқарма басшысы Нұржан Әлібаев «ҚР Бірыңғай дистрибуция жүйесін дамыту стратегиясының аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жетілдіру шаралары туралы» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол шарағ…

0
0
311

Қазақстанда Дүниежүзілік артериялық гипертония күні аталып өтуде

Қазақстанның барлық өңірлерінде 11-12 мамыр аралығында Дүниежүзілік артериялық гипертония күніне арналған шаралар өтуде. Жиындардың мақсаты – халықтың аталған ауруды диагностикалау, емдеу мен алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) бағалауы бойынша әлемде ересек адамдардың 40%-ында жыл сайын тоғыз миллионнан астам өлім-жітім жағдайына себеп болатын гипертония ауруы байқалады. Уақытынан бұрын болатын өлім-жітімнің 80%-ын қауіп-қатердің мінез-құлық факторларын бақылау арқылы алдын алуға болады: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, дене салмағының артық мөлшерде болуы. Халықтың артерия гипертониясы туралы хабардарлығының аз болуы аталған сырқаттың маңыздылығын дұрыс бағаламауға, аурудың алғашқы…

0
0
435

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің бірыңғай провайдері

А.ж. 5 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау мен мониторинг бөлімінің басшысы А. Құсайыновтың қатысуымен семинар-дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру. Кездесу барысында А.Құсайынов бұл жобаның іске қосылуы – Ұлт жоспары талаптарының бірі екеніне тыңдаушыларын назарын аударды. Пилоттық режимде ол табыспен іске асырылуда. Бұл Елбасы белгілеген стратегиялық іс-қимыл жоспарының соңғы, 100-інші қадамы.…

0
0
765