Телерепортаждың ерекшеліктері
Тележурналистика – БАҚ – тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ – ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы, адам баласының ой – санасына, көзқарасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал, рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі, өркениетті әлемдегі саясат алаңы,аудиторияны зерттеумен айналысатын арнайы әлеуметтік институт, ақпаратты алу мен қабылдауды бейнелік сипатта жүзеге асыратын техникалық базадағы шығармашылық қызмет. Тележурналистиканың негізгі қызметі көрермендерге жаңалықтарды жедел шынайы, нақты жеткізуімен ерекшеленеді. Журналистика қызметі бұл ретте телевизиялық жанрларды тиімді әрі ұтымды пайдаланғаны жөн. Ақпарат, репортаж, очерк, сұхбат секілді тележанрлар теледидар қызметін ойдағыдай жүзеге асыруда елеул…




