Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!
Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі - бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын маусым, яғни, бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі - ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, Жаратушы Иенің бұйрықтарын орындап, тыйымд…











