Экология саласындағы жемқорлықтың алдын алу

Ағымдағы жылғы 8 маусымда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Солтүстік Қазақстан облысының Экология департаменті қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын эколог мамандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі аумақтық департаменттерінің өкілдері, Әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі Ю.А. Наумочкин, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Қ.Т. Мұқышев түсіндірді.

Экология департаменті басшысының м.у.а А.М. Бекмұхаметов, семинарға қатысушыларды ведомство қабырғасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов өз баяндамасында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, экология саласында өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кеңінен тоқталып өтіп, мемлекеттік қызмет жүйесінің оң беделін қалыптастырудың маңыздылығын қадап айтты.

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісі Ю.А. Наумочкин болса, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңын жүзеге асыру үшін қабылданған Әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл институты, оның ішінде өзінің функциялары туралы түсіндірмелер берді.
Тұрғындар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесуі мәселесін «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Қ.Т. Мұқышев қозғады. Оның айтуынша жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру міндеті партия басшылығының да ерекше назарында.
Семинар соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерінен туындаған сауалдарына тиісті жауаптарын алды.
