Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сандықтау өңіріне әдістемелік көмек көрсетілді

Қазіргі таңда елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар негізін құрайтын, қазіргі заман талабына сай келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы   заңнама қолданысқа енгізілді.

Алдын алу сипатындағы іс-шаралар кешенін өткізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі, басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың және азаматтық қоғамның барлық институттарының негізгі стратегиялық басымдығы болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізуге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жүйелі түрде  жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департамент Сандықтау ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен дербес бөлімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында аталған ведомстволардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнаманың негізгі аспектілері мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жасау бойынша, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаға енгізілетін ақпаратты дайындау бойынша  ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша мысалдар қарастырылды.

Іс-шара барысында айшықты әңгіме өрбіді, барлық сұрақтарға толымды жауап берілді.

Іс-шараға 15 мемлекеттік қызметші қатысты.

 
0
0
363

Осы тақырып бойынша

Сандықтау өңіріне әдістемелік көмек көрсетілді - Yvision.kz