Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстың мемлекеттік органдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге   тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Департамент Зеренді ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен дербес бөлімдеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында аталған ведомстволардың қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнаманың негізгі аспектілері мен жүзеге асыру тетіктері түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жасау бойынша, сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаға енгізілетін ақпаратты дайындау бойынша  ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша мысалдар қарастырылды.

Іс-шара барысында айшықты әңгіме өрбіді, барлық сұрақтарға толымды жауап берілді.

Іс-шараға 30 мемлекеттік қызметші қатысты.

0
0
677

Осы тақырып бойынша

Бірлесіп көтерген жүк жеңіл! - Yvision.kz