Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар

2016 жылдың 16 маусымда Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазиннің төрағалығымен, Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында брифинг өткізілді.

Департамент басшысы М.Нұртазин өз сөзінде Мемлекеттік қызмет істері органдарымен мемлекеттік қызметке орналасу мен өткерудің  жаңа рәсімдерін енгізу және мемлекеттік қызмет саласындағы  жаңа заңнамалық нормаларды жүзеге асыру бойынша  нақты жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.

Брифинг барысында ол 2016 жылдың 5 айында облыстағы мемлекеттік органдармен 192 (449 бос орынға) конкурс жарияланды, соның ішінде ішкі конкурс саны -124 (253 бос орынға) және жалпы конкурс саны – 67 (196 бос орынға, соның ішінде төменгі лауазымға -162). Төменгі емес бос орындарға жалпы конкурс жариялау үшін келісім алынғандығы – 20 (34 бос орынға) жөнінде ақпараттандырды.

Сонымен қатар, конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтігін қамтамасыз ету ушін олардың отырыстарына тәуелсіз сарапшылар мен байқаушылар шақырылады. Жылдың басынан конкурстың жалпы санынан 70% байқаушылар мен сарапшылардың қатысуымен өтеді.

Бүгінгі таңда облыста «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген 56 мемлекеттік қызметшіге 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімі қойылды. Соның ішінде, жергілікті атқарушы органдарда - 43 (76%), орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарында  - 13 (24%).

Басқарма басшысы Б.Хайруллин Департаментпен 8 мемлекеттік орган мен ұйым қызметіне, соның ішінде 4 мемлекеттік орган мен 4 квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметіне талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жұмысы жүргізілгендігін нақтылады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасу мақсатында Ашық келісім жасалды. Бұл жерде қоғамның әртүрлі өкілі өз орындарының таба алады: жастар, бизнес-құрылымы, ғылым және мәдениет өкілдері, құқық қорғау және кәсіподақ, БАҚ өкілдері, этномәдени және діни бірлестіктер, - деп айтып өтті Б.Хайруллин.

2016 жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша Ашық келісімге 190 заңды тұлға және 2500 жеке тұлға қол қойып отыр.

Жылдың басында 3 министрліктің 7 аумақтық  ұйымдарында өкізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептік ақпараттағы деректерді қайта тексеру бойынша ұйымдастыру шараларының нәтижесінде дәйексіз есептік ақпарат беру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде де айтылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде Департаментпен 2016 жылдың 5 айында 4 ішінара (1 аяқталу үстінде), 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Ұсынылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысы бойынша есептердің ақпараттарын талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыруын арттыру бойынша жұмысын күшейту жөнінде 13 ұсыныс хат жолданды.

Департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу шеңберінде 4 жасырын мемлекеттік қызмет түрі анықталды.

Сонымен, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ақпаратына сүйенсек, үстіміздегі жылдың өткен 5 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізіліп, онда 23 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралған.

Бұдан басқа, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, кеңестің 2016 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 2015 жылғы тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде БҚО бойынша кірістер департаментінің тәртіптік комиссиясының жұмыс нәтижелері қаралып, сондай-ақ 2016 жылдың бірінші тоқсанында БҚО жер жесурстары басқармасында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен тиесінше ұсыныстар берілді.

Брифинг соңында М.Нұртазин барлық мемлекеттік қызметшілерді келе жатырған кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың алдына қойған міндеттерінің орындалуы үшін кәсіби мемлекетте кәсіби әрі бәсекеге қабілетті кадрлар болуы керек екендігін атап өтті.

 

0
0
608

Осы тақырып бойынша

Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар - Yvision.kz