Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Ағымдағы жылдың 17 маусымында «Адал жол – Честный путь» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды ауданының орталық аудандық ауруханасында медицина саласының қызметкерлерімен «Медициналық қызметтерді көрсеткені үшін сыйлықтарды және басқа да сыйақыларды сыйлауға жағымсыз көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, емдеу мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділігін арттыру жолымен оның пайда болу себептерін жою.
Баяндамаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құралдары мен тетіктері белгіленіп, ұжымдардағы медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастару бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы айтылды.

