Мазмұнға өту

Жаңа

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Кентау Назарбек «Керуен ғұмыр»

Күйді орындаған – Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

       

Балалық па, түсінбедім, көп сөзін,

Қарсы шығып, мен өсуге асықтым.

Талай көрдім, жасқа толы, мен көзін,

Сонда да, арманды іздеп, аттандым.

 

Қарлығаштай шырылдап, мені қорғап,

Асыл анам, жиіп, теріп, арқалап.

Келуші еді ауылдан, мені аяп,

Арманыма, жеткіздің-ау, арқалап.

 

Ризамын анашым, кешіре алсаң, кешіре гөр,

Түсінбедім бағаңды, түсінбедім.

Туған күнің, сенсіз өтті, суық көр,

Алып кетті, өкініште өртендім.

 

Өтіп жатыр, қасиетті Ораза,

Бәрі сенсіз, бәрі сенсіз өкініш.

Үрейменен кетер емес, мынау маза,

Саған иман, өзіме, сұрайыншы күш.

 

Жан – жүрегім, алтын менің, Анашым,

Сағындым-ау, сағындым-ау иісіңді.

Көрсем болды, саған ұқсас көшеден,

Мен сандалып, кете берем, соңынан.

 

Қайтейін, бұл тағдырға күшім жетпес,

Әлсіз жүрек, жылаудан талықсиды.

Болғаныма, бұл өмір, сонда елес,

Болса адам, бұл өмірде бақилы.

 

Жатқан жерің, жайлы болсын Анашым,

Торқа болсын топырағың, иманыңда.

Қайтейін, қайтейін, сенім тұтар панашым,

Бұйырғаны ендігі, дұға қылу сағымда.

 

https://www.youtube.com/watch?v=5sJ1ckCgYSM

1
1
4663

Жолбарыс пен Ешкі. Өтірік оқиға

Амур деген атаумен танымал болған жолбарыс кімнің есінде? Естіріңізде болмаса мен айта өтейін. Қоғамдық желілірде танымалдығын бұл жолбарыс өзінің ерекше мінезі арқылы алған. Хайуанаттар бағында Амурдың досы ешкі екені белгілі болатын.

Шындағына келсек, бұл оқиға жай ғана жарнама екен. Жолбарысқа тек қатты тоятын тамақ бергеннен кейін ғана адамдар оның жанына ешкіні жіберіп отырған. Тойған жолбарыстың жай ғана ешкіге қарауға шамасы болмайды екен. Алайда екі айдан кейін, мүмкін ызадан, Амур ешкіні жарып өлтірген екен...

Дәурен желіде 15 минут бұрын болды

0
0
525

2016 Еуро әлде түнгі теннис

-Сәлем! Бүгін вконтакте желісінде сенен хат күткен едім. Ұдайы жазып тұрамын дегенің қайда? Әлде... Бірдеңе болып қалды ма?
- Сәлем! Жоға:) Ештеңе болған жоқ. Тек кеше пинг понг ойнап жүріп есімнен шығып кетіпті... Кешірші. Мен қазір ояндым. Ия ия ия, түске дейін ұйықтай беретінім маған да ыңғайсыз. Теннистен кейін түнімен футбол көрдім:) Қызықты нәтижелер болды. Польша, Уэлс, және мен көптен күткен Португалия. Қуанып жатып уйықтадым ғой....
- Тоқта, тоқта... Менің футболға қызықпайтынымды білесің ғой!
- Білемін. Өзің ғой енді сұраған кеше жазбағанымның себебін. Жарайды мен жуынып-шайынып алайын.

Дәурен желіден 15 минут бүрын шығып кетті

0
0
302

Жетістікке жетудің 8 қағидасы

Бұл дүниеге келген адамдардың көпшілігі, үлкен жетістіктерге жетіп, табысты азамат болуды армандайды. Себебі, қазіргі таңда табысты болу - бақытты болумен теңесіп тұр. Табыс сөзіне - денсаулық, жеке өмірде және кәсібінде жоғары биіктерден көріну, байлық, көпшілікке танылу, билік және т.б. ұғымдар кіреді. Табысты болу - қазіргі заманның тренді десем артық кеткенім болмас. Ал бұл мақсатқа жету үшін не істеу қажет? Осы тақырыпты қозғайық. Кеттік!

1.Жауапкершілік. Сіз байқайсыз ба? Кейбір адамдармен сөйлессеңіз, олардың бұл өмірде бақытсыз болғанына өзінен басқаның барлығы кінәлі: жұбайлары, жұмысындағы бастығы, мемлекет, үкімет, тіпті ауа-райы оларға қарсы. Өкінішті, себебі сол адамдардың қатарында мен де болғанмын. Алайда, табысты адам боламын десеңіз бұл ойлардан алшақ болып, өзіңізге жауапкершілікті жүктеуіңіз керек. Сіздің өміріңізде болып жатқан жақсы да, жаман да жаңалықтарға сіз жауаптысыз. Айналаңыздағы адамдар да сіздің айнаңыз! Егер осы қағиданы терең түсінсеңіз, құттықтаймын, табысқа жетуге бір қадам жақындадыңыз.

2. Қателіктерден қорықпаңыз! Өмірде сәтсіздікке ұшырасаңыз - бірден тұнжырап, өмірден үміт үзбей, керісінше, осы жағдайдан тәжірибе жинап, келесі жолы бұл қателікті болдыртпау үшін жұмыс жасау керек. Есіңізде болсын, қателіксіз жеңіс болмайды.

3. Мақсаттарыңызды қағазға жазып жүріңіз! Ертеңгі, аптаның, айдың, жылдың жоспарын жазу - өте жоғары эффективті әдет болып табылады. Адамдардың көпшілігі мақсат қоюды білмейді немесе қорқады, себебі белгіленген мақсатқа жетпей қалса, өзін-өзі төмен бағалай бастайды.

4.Айналаңыздағы адамдарды сүзгіден өткізу! Қарапайым тілмен айтқанда, фильтр! Адамдардың көпшілігі "бұл өмір жамандыққа толы, жаман адамдарға толы, бұл қолыңнан келмейді", - деп ойлайды және сол ойларын айналасындағы адамдарға инфекция тәрізді жұқтырады. Мұндай жұқпасы бар адамдардан аулақ болып, жан-жағыңызды позитивті, оптимизмге толы азаматтарға толтырыңыз.

5.Ешқашан білімге ақшаны аямаңыз! Бұл ақша болашақта 10 есе қайтады.

6.Әрекетшіл болыңыз! Әрекетсіз - нәтиже жоқ. Егер сізге ағылшын тілін оқу керек немесе салмақ тастау керек болса, бұл мәселені талқылай бермей, шешу жолын анықтап, тез арада іске кірісу қажет.

7. Адамдармен тіл табыса біліңіз. Адам - қоғамсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті, коммуникативтік дағдыларыңызды жетілдіруіңіз керек. Ол үшін Дейл Карнегидің "Как завоевать друзей" атты кітабын кеңес етемін.

8. Уақытты бос өткізбеңіз! Күннен күнге сіз 1 сек, 1мин, 1 сағ, 1 күнге, 1 жылға жасарып жатқан жоқсыз. Тайм менеджмент ұғымымен танысып, уақытты қалай дұрыс пайдалану қажет екенін оқығаныңыз абзал. Уақытты эффективті пайдаланыңыз!

0
0
1383

Жазғы кино жаңалықтары

Жаз-демалыстар уақыты. Демалысты біреулер шет елдерді аралаумен өткізсе, енді біреулер өз елінде көңіл көтеруді жөн көреді. Алайда, жаз мезгілінде қызықты фильм тамашаламайтын адамды кездестіру өте қиын. Осы орайда 2016 жылдың жазында бізді кино әлемінің қандай қызықтары күтіп тұрғанын жазып үтуді жөн көрдім. Назарларыңызда жаздың ең таңдаулы 3 филмі:

3. "Иллюзия обмана 2". Атышулы фильмнің бірінші бөлімі қарама-қайшы пікірлерге толы болды. Бір топ адамдар ондағы кейбір дүниелердің ойға қонымсыздығын жақтырмаса, керісінше басқалардың ол көңілінен шыққын еді. Бірақ, қандай пікірлер болғанымен біріншы бөлімнің жиған қаржысын саралай отырып, фильмді сәтті деп сенімді түрде айтса болады. Осындай сәтті бастамадан кейін сиквел күту заңды құбылыс. Екінші фильм де дәл бұрынғыдай бас айналдырырлық шытырман оқиғаға толы болады ма? Оны тек фильмді тамашала,ан адамдардың пікірінен біле аламыз.

2. Клингон тілінде сөйлесетін Шэлдон Купер кімнің есінде? Йә! Егер де сіз "Спок" деген есімді естігенде таныс ассоциация қалыптастыратын болсаңыз, сіздің қуанышыңызға ортақпын. Себебі осы жазда көптен күткен фильм жарыққа шығады. Дәл солай, сіз қателескен жоқсыз! "Стартрэк"!

1. Менің пікірім бойынша бәрінен де қатты күтілетін кинотуынды! Джокер, Дэдшот, Харли Квин, Бэтмэн... Мундай танымал кейіпкерлерді айтқанда ойға DC comics қалыптастырған қараңғы түнекке толы әлем келеді. Бірақ, бұл жолы емес. Себебі бұл фильм арқылы DC өз әлеміне жаңалық алып келеді. Оны тек күту ғана қалды. Сонымен бірінші орындағы фильм-"Отряд самоубиц".

0
0
576

Қызылордалық полицейлер журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.

«Сіздерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын! Бізбен әріптестік қарым-қатынас орнатып, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарыңызға алғыс білдіремін. Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс пен шығармашылық идеялар тілеймін», - деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов.

Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

   

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
448

Бекзат Молдабергенов: «Арманым- салихалы ұрпақ тәрбиелеу!»

 

-Саламатсыз ба?  Бүгінгі «Ән мен әзіл »  атты  бірлескен  кештеріңіз   керемет өтуде.  Арал  қаласына  алғаш келуіңіз бе?

-Рахмет. Жалпы, Арал өңіріне өзімнің екі бірдей шығармашылық кешімді өткізіп  үлгердім. Аралдың өзіне, сонымен қатар ауылдарына да.  Бүгінгі концерт, Жасұлан  бауырымның ұйымдастыруымен  жалпылама бірлесіп қойылып жатқан концерт. Негізі, Арал өңірінің халқына жақсы бір көңіл күй сыйлайық, жақсы әуендерді тыңдатайық деген жақсы ниетпен ұйымдастырылған дүние. «Аралдың  табанынан  су кеткенмен, халқының  жүрегінен жыр кеткен жоқ »,- деген Бекұзақ ағамыздың жақсы сөзі бар. Арал халқы керемет кештерді күтеді. Сол себепті де, «осылай жақсы көңіл-күй сыйлайық»,- деген ойда концерт беріп жатқан жайымыз бар.

-"Өнерлі өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар",-деген қанатты сөз бар!. Халыққа  «Бекзат Молдабергенов» болып, жас әнші ретінде қай кезден бастап  таныла  бастадыңыз?

-2012 жылы «Жанарым-ай» әні шықты. 2013 жылы  «Саз  әлемі» байқауына қатыстым. Ол байқаудан  2-орын  иегері болдым.  Содан кейін халық бірте-бірте біле бастады.

-«Өнер жолы-ауыр жол» дегенді  қалай түсінесіз?

- Тек, өнер жолы ғана емес, әрбір кәсіптің өзінің  ауыртпашылығы  болады.Өйткені, оңайлықпен  нан таба алмайсың. Әрбір  істің  өзінің  бір қиыншылығы,  бір жеңілдігі   болады.Аллаh Тағала айтады ғой: «Әрбір қиыншылықта бір жеңілдік бар»,-деп. Өнер жолының ең қиыншылығы- халықтың мұңын көтеру, халыққа жағу.

-Көптеген қоғамдық орындар да , көліктерде, сауда орындарында, тойларда  сіздің әндеріңізді жиі естіп жатамыз. Бірақ, халық сізді тани бермейді. Өзіңізден бұрын, әніңіздің танымал болуы не себептен?

-Мені халық танымайды, танымай да кететін шығар, көбісі!  Өзімді «радио әнші» есебінде қабылдаймын. Себебі, ащы да болса , шындық. Қазір телевидениеге  үш-төрт-ақ адам ғана биліктерін жүргізіп отырған заман. «Аузы қисық болсада, байдың баласы  сөйлесін »,-деген бар ғой. Қазір кімнің қалтасында пұлы бар, сол адам ғана телевидениеге шыға алады. Нағыз таланттылар, нағыз өнер иелері тасада қалуда. Талай рет телевидениеге барып, өзімнің бейне клиптерімді көрсетуге ұсындым. Қабылдамайды. Қазір енді, ақшаның заманы ма, білмеймін ғой. «Аға, көке»,-дейтін заман ғой. Өзімді «радио әнші» деп есептейтінім, өйткені, сіз айтып отырсыз, бір емес  бірнеше әндерім танымал.Бірі біледі, бірі білмейді.Кейде, қасымда жүрген өзімнің замандас достарымның өзі, өз әнімді өзіме әкеп тыңдататын жағдайлар болды. «Бекзат, мына әнді тыңдап қараш»,-деп. Содан біле беруге болады.Енді Алла қаласа, көптеген жұмыстар жасап жатырмыз. Телевидениеге шықпасақ та, осындай ауыл-ауылдарды аралап, өзіміздің ән сапарымызды әліде жалғастырудамыз.Берірек те, Орынбордағы қазақтарымыз ға, бауырларымызға концерт беріп келдік. Ташкентке барып қайттық. Одан қалды батыс өңіріне  концерт беріп жатырмыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз деген ойдамын. Сөйтіп-сөйтіп , бұйырса,   халықтың көңілінен шығармыз.


-Репертуарыңызда  «плагиат » әндер бар ма?  Жалпы, «плагиат» әндерге деген көзқарасыңыз   қандай?

-Енді, «плагиат қазақта ғана бар»,- деп айта алмаймын. Кез-келген шет мемлекеттерде де бар. Көптеген мемлекеттерде  басқа бір елдің әнін өз тілінде аударып алып, орындап жататын әншілер бар. Әнші болғаннан кейін, өзіне ұнаған әнді орындағысы келеді. Бірақ, кез-келген әншінің  авторлық құқық бойынша рұхсат сұрап алуына  болады . Мысалы, біз Қазақстанда жүріп шет елдің әнін ұнатып қалсақ, шет елге барып рұхсатын ала алмаймыз ғой.  Плагиат ән  барлық  әншіде бар, менде де бар.

-Жанкүйерлеріңіз тарапынан айтылған сын-пікірлерге қаншалықты деңгейде мән бересіз?

-Сабырмен жауап беруге тырысамын. Сынды жақсы қабылдаймын.Бірақ, кейбіреулер «сын» деп шекарадан  шығып кетеді. Оны енді сын деп қабылдай алмаймын. Өйткені, «ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып» жататын тыңдармандар да болады.Әлеуметтік желі де балағаттық, анайы сөздер жазып жатады   Оларға енді сабырмен жауап беремін. «Алла жүректеріне иман берсін»,- деймін. Басында кішкене ашынатындығым бар еді. Өздеріне қалай болса солай жауап беретінмін. Қазір түсіндім, тек үндемей құтылу керек екен. Бәрі адамның санасына байланысты. «Адамның қандай екенін білгің келсе, аузындағы сөзіне қара»,- дейді ғой. Әрбір адамның аузынан шыққан сөзіне қарап, қандай екенін білуге болады. Тыңдармандарыма айтатыным: «жақсы мәміледе болайық!»

-Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланасыз ба?

- Қазір әлеуметтік желілердің заманы ғой. Біз сияқты телевидениеден көріне алмай жүрген әншілер әлеуметтік желілер арқылы танылып жатқан жайы бар. Бір жағынан халыққа өзінің қандай жұмыстар жасап жатқанын, қандай дүниелер шығарып жатқанын халықпен бөлісу деп ойлаймын. Әркім әлеуметтік желілерді әртүрлі қабылдайды.

.

-Сізді киелі сахнадан көп көре аламыз ба, әлде тойлардан ба?

-Жалпы, мен емес, бүкіл әнші тойға шығады. Мен айтайын сізге,бұрындары «Ән мен әншінің », 2003-2004 жылдары, сондай бір эстраданың жақсы көтеріліп тұрған заманы болатын .Қазір «құлдырады»,- деп айта аламын. Өйткені, қазір көп әндердің сапасы да жоқ. Мойындау керек. Жұбаныш ағамыздың әндері қандай?Саят ағамыздың әндері қандай? Жалпы, әншілердің бәрі той үшін ән жазады. Тойдың әні бөлек, сахнаның әні бөлек деп айта аламын. Соны қазір кейбір әншілер ауыстырып алған сияқты. Бір әнді екі жерге де орындай беретін болдық ғой, қазір. Өйткені, біздің тауып отқан нәпақамыз сол  болып отыр.

-Қандай бағыттағы әндерді көп орындайсыз?

-Менің негізгі ән әлеміне келгеннен кейін шыққан мақсатым-байырғы әндерді, бұрынғы ретро әндерді халықтың санасынан өшейін деп жатқан әндерді қайтадан халыққа жаңаша, басқаша  стильде шығарып орындап беру. Енді, қазіргі уақытта менің өзім лирикалық, баяу әндерді жақсы көремін.Түбегейлі қатып қалған бағытым жоқ. Той әндері де бар, басқасы да бар. Ендігі кезекте қазір жұмыс жасайын деп жатқаным- патриоттық әндерге көңіл бөлсем ба деп жатырмын.Өйткені, репертуарым сондай әндерді сұрап тұр. Патриоттық, діни әндер, яғни салмағы бар әндер. Қазір, салмақсыз әндер көбейіп кетті ғой.

-Сіздің орындауыңыздағы көптеген әндер халық арасына кеңінен танымал, яғни "хит әндер" десек те болады. Жалпы, қандай авторлармен жұмыс  жасайсыз?

-Кез-келген автормен. Қазір Оразхан Сейілхан деген  ақынмен жұмыс жасап жатырмын. Жаңақорғандық айтыскер ақын, өнердегі ағам. Сол кісімен түбегейлі жұмыс жасаудамыз.  Ал, сазгерлерден  «Азия» тобының мүшесі Нұрсұлтан Батырқұлов деген бауырым бар. Кейбір жас сазгерлер өзінің әндерін ұсынып жатады.Көңілімізге қонымды жақсы әуендер болып жатса, шығаруға тырысып жатырмыз.

-Өнер жолыңыздың басталуына себепші болған байқауларды айта аласыз ба?

-Байқау-әрбір әншінің бірінші баспалдағы ғой. Байқаусыз ешнәрсе болмайды. Өйткені, ол бірінші сабақ. Байқаудан көп нәрсе үйренеді, сахна тәрбиесін, сахна тілін, жүріс-тұрыс бәрін де. Облыстық , халықаралық, републикалық байқаулардан жүлделі орындарым бар. Бәрінен бірінші орын деп айта алмаймын. Бірінші орын екеу-ақ. Қалғандары-үш,екі.

-Алдағы уақыттағы арман- жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

-Арманым-бір басымды екі ету. Пайғамбарымыз с.ғ.с  айтады ғой: «Көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен мақтанам»,-деп. Бір басымды екі етіп, салихалы ұрпақтарсүю. Бұл, негізі екінші арманым.  Ал, бірінші – ата –анамның разылығын алу. Өйткені, Алланың разылығы-ата-ананың разылығында дейді. Сол, әке-шешеміз осы күнге дейін бағып-қағып келді, ендігі біздің мақсат-сол кісілерге жұмыс істеу. Өнер  өзімен.  Қазір көп кісілер, жастар  дүниені қуып кетіп жатыр. Ал, мен  үшін  басты орында тұрған-отбасы. Отбасылы болып, әке-шешемізге нөмере-шөбере сүйдіріп, бақытты болу.

-Оқырмандарыңызға, тыңдармандарыңызға қандай тілегіңіз бар?

-Оқырмандарыма, тыңдармандары ма , «Алла, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін»,- деймін. Дендеріңізге саулық тілеймін, сіздердей тыңдармандарымыздың барына Аллаға шүкір етеміз, мақтанамыз, марқаямыз.Бар болыңыздар, сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Жұмыстарыңыз жана берсін. Біз сияқты өнер адамдарының берген сұхбаттарын бұрмаламай , қалай бердік солайынан халыққа ұсынып  жүріңіздер. Кейбір журналистерге қарным ашады. Кішкене сөздерді бұрмалап, басқашалап жібереді. Соны қателеу деп ойлаймын. Рахмет!

-Сізге де көп-көп рахмет! Өнер жолының биік шыңдарын бағындыра беріңіз!


   

Сұхбаттасқан: Фаризат Амангелді

 
1
0
1526

Астанада Қазақстан мен Корея Жоғарғы Сот Төрағаларының кездесуі өтті

2016 жылдың 24 маусымында Корея Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Янг Сынг-тэ бастаған делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді.

Делегация құрамына Сеул қаласы Жоғары сотының төрағасы СИМ Санг-чоль, Жоғарғы Сот Аппараты соттарының қызметін қамтамасыз ету бюросының төрағасы ХОНГ Сынг-мён, Жоғарғы Сот Төрағасы Хатшылығының басшысы Соль Бом-сик, Жоғарғы Сот Аппараты Сот әкімшілігі департаментінің басшысы  ПАК Ван-сик және т.б. кірді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Корея жоғары сот органдарының Төрағалары жылы лебіздерімен және екі елдің сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

Қ.Мәми «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот жүйесін реформалау туралы айтып өтті. Әңгіме негізінен үш буынды сот төрелігіне көшу, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшеюі, тергеу судьяларының өкілеттіктерін кеңейту, прокурорлардың азаматтық сот ісіне қатысуын қысқарту тұрғысында өрбіді. Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқаның, Сот төрелігі академиясы мен Халықаралық кеңестің құрылғандығы да айтылды.

Өз кезегінде, Янг Сынг-тэ Кореяның сот құрылысы мен сот ісін жүргізудегі ақпараттық технологияларды қолдану барысы туралы айтып өтті. Меймандарды Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа мен Астана қаржы орталығы сотының құрылуы  бағытындағы бірқатар тәжірибелік мәселелер қызықтырды.

Кездесу өзара ілтипат жағдайында өтті, тараптар екі елдің сот жүйесінің қызметі мен ынтымақтастықты одан әрі арттырудың келешегі туралы пікір алмасты.

Делегация үшін Жоғарғы Сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Онда сот отырысы залдары мен ғимараттың инфрақұрылымдық ерекшеліктері таныстырылды.

Кореялік делегация Қазақстанда а.ж. 26 маусымға дейін болады. Сапар шеңберінде Конституциялық Кеңес Төрағасымен, Астана және Ақмола облысы соттарының төрағаларымен кездесулер, сондай-ақ бірқатар өзге де іс-шаралар өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы Кореяда таныстыру сапарымен жүргенін атап өткен жөн. 2016 жылғы 27-30 маусым аралығында Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері Кореяның сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен танысып, соттардың инфрақұрылымы мен сот әкімшілігін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделейтін болады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/astanada-kazakstan-men-koreya-zhogargy-sot-toragalarynyn-kezdesui-otti

0
0
508

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарабы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз», - деді Елбасы.

ҚР Президенті осы орайда Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді атады.

«Қорытынды шара 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болмақ», - деген Н.Назарбаев отырысқа қатысушы Мемлекет басшылары мен қонақтарды келесі жылы Қазақстанға келуге шақырды.

 
0
0
785

Жас жұбайларға — 10 000 доллар сыйлық!

АҚШ-та жаңа отбасын құрған жас жұбайларға 10 мың доллар көлемінде сыйлық ұсынатын сайт жұмыс жасайды. Сыйлық сомасын алудың шарты – болашақ ерлі-зайыптылар ешқашан ажыраспауға келісім береді. Шарт бұзылған жағдайда сыйлық несиеге айналып кетеді.

Geekwire.com порталының хабарлауынша бүгінде SwanLuv деп аталатын америкалық сервис сүйген жастардың некесін тіркейтін қызмет орталықтарының ішіндегі ең таңдаулы, ерекше қызмет көрсету орталығы болып тұр.

SwanLuv-дың бас директоры Скотт Ави: «Бұл казино іспетті. Екі тастың орнында екі жас ойнайтын болады. Біз ажыраспау мүмкіндігі жоғары жұптарға ғана бәс тігетін боламыз. Шартқа қол қойып, ақша алуға ешкімді мәжбүрлемейміз. Бәрі әркімнің өз қалауымен!» - дейді.

Сайттың ерекшелігі сол – жас жұбайларға той жасауға 10 мың АҚШ долларын сыйлайды. Иә, тегін сыйлай салады. Бірақ, түрлі шарттары бар. Біріншіден, SwanLuv әкімшілігі қалыңдық пен күйеудің жеке тарихын зерттеп, түрлі өлшемдер бойынша кандидаттарды өздері таңдайды. Яғни, әкімшілік ұсынысты қабылдаудан бас тартуы да мүмкін.

Екіншіден, қаражат «қосағымен қоса ағаратын» жұптарға ғана беріледі. Яғни, ерлі-зайыптылар алда-жалда ажырасуға ниет ете қалған жағдайда берілген барлық сома бірден пайызы жоғары несиеге айналып шыға келеді. Ал некелескендер жұптары жазылмай, қаннен-қаперсіз өмір бойы қолтықтасып өтсе сыйлық «мәңгі сыйлық» боп қала бермек.

SwanLuv  орталығының некелесу рәсіміне жұмсайтын барлық шығыны ажырасқан жұптардың есебінен төленіп жұмсалып отырады. Шарттың қатал талаптары толық сақталып, «ережеден ауытқу» ешқашан болмайды.

Америкада ажырасу дегенің жүйке мен қалтаны жұқартатын жиіркенішті жағдай. Болашағы жоқ неке болса, біршама уақыт пен қаражатты шығындап,  ескеруге тұратын барлық дәлелдерді келтіре отырып, соттың шешімімен ғана бөлінуге тура келеді. Егер оған әуелдегі 10 мың доллар сыйлықты еселенген пайызымен қоса есептесеңіз, қалыңдық пен күйеужігітке оңай пайда табудан бұрын жарқын болашақты мықтап ойлануға тура келеді!

 
0
0
1100