Мазмұнға өту
UpCity

UpCity

Сайтта 2016 ж. 25 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

4

Ненің артық екенін қалай білуге болады?

Салыстыру кезінде артығын табудың мехазнизмі қандай? Елден қалғаннан гөрі кредитке белшеден батып той жасаған артық. Білім алып мансап қуғаннан Бәкенің тілін тауып жағымпазданған артық. Қаланы таза ұстаудан, лас қаланы тазалау артық. Таза жолмен документ
жасағаннан, ақшасын беріп жылдамдатқан артық. Дұрыс оқығаннан мұғалімге ақша жинап баға қойғызған артық. Мұндай елде тұрғаннан гөрі шет елге кеткен артық. Рашевтың сөзін қазақшалап жағаннан жазбай-ақ қойған артық.
Осы сөздерді ести жүре, мен ойға келемін: Біздің елде ненің артық, ненің кем екенін қалай біледі адамдар?

1
0
467

Жұрттың баласымен салыстыру неге дұрыс емес?

Әдетте қазақтың қоғамын жамандаушылар көп кездеседі. Қазақтың барын көрсеткіштігі, мақтаншақтығы жиі тілге тиек болып жатады. Алайда біздің қоғамда кең таралған, орысша айтқанда понт және көре алмаушылықтың себебі неде? Осы тақырып жайында менің видео-пікірімді көре отырып мүмкін жаңа ой ести аласыз. Келіспесеңіз өз ойыңызды қалдырыңыз, жаңа пікір оқуға әрқашан ризамын.https://www.youtube.com/watch?v=Ic5BwggkvaQ

0
0
577

Ninety One тобын Шымкентке жолатпау дұрыс қадам ба?

Жақында жаңалықтарда Ninety One тобына Шымкентке кіруге тыйым салынды деген хабар тарап кетті. Осы орайда маған "Халық неге бұл жігіттерді ұнатпайды?" деген ой келді. Себебі бірден белгілі болады: киген киімдерін, шаш бояуын оңтүстік тұрғындары ерсі көреді. Бірақ тек осы себеппен ғана бұл әншілерді жеккөрген дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ менің видео жазбамнан көре аласыздар:


0
3
2165

Керемет сәтті кім ұрлайды

ВК:Жібек сізге жаңа хабарлама қалдырды.
- Не істеп жатырсың?
- Дала бүгін керемет ия?
- Мен оны біле алмаймын ғой:) Есіңде болса біз екі қаладамыз. Арамызда 1000 шақырымдық қашықтық бар.
- Туф. Ұмытып кете беремін. Сонда да, даланың осы көрінісін сен көрсең керемет болар еді.
- Суретке түсіріп жіберсең болады.
- Жооқ! Біз қазіргі күнде осындай технологияларға қатты үйреніп кеткенбіз. Суретке әр керемет сәтті түсіремін деп жүріп, осы сәтті сезінуді ұмытып кетеміз. Бірер жылдан кейін, суретті көргенде жақсы көріністің болғаны еске түсер. Бірақ осы көріністің кереметін сезіну керек, ешқандай дүниеге алаңдамастан. Сол кезде, біраз жылдан кейін керемет сезім еске түседі, сол кездегі алған әсер еске түседі, қайта сезінеміз. Жарайды, мен кеттім кереметті көруге:)
-Жақсы

0
0
381

Жолбарыс пен Ешкі. Өтірік оқиға

Амур деген атаумен танымал болған жолбарыс кімнің есінде? Естіріңізде болмаса мен айта өтейін. Қоғамдық желілірде танымалдығын бұл жолбарыс өзінің ерекше мінезі арқылы алған. Хайуанаттар бағында Амурдың досы ешкі екені белгілі болатын.

Шындағына келсек, бұл оқиға жай ғана жарнама екен. Жолбарысқа тек қатты тоятын тамақ бергеннен кейін ғана адамдар оның жанына ешкіні жіберіп отырған. Тойған жолбарыстың жай ғана ешкіге қарауға шамасы болмайды екен. Алайда екі айдан кейін, мүмкін ызадан, Амур ешкіні жарып өлтірген екен...

Дәурен желіде 15 минут бұрын болды

0
0
468

2016 Еуро әлде түнгі теннис

-Сәлем! Бүгін вконтакте желісінде сенен хат күткен едім. Ұдайы жазып тұрамын дегенің қайда? Әлде... Бірдеңе болып қалды ма?
- Сәлем! Жоға:) Ештеңе болған жоқ. Тек кеше пинг понг ойнап жүріп есімнен шығып кетіпті... Кешірші. Мен қазір ояндым. Ия ия ия, түске дейін ұйықтай беретінім маған да ыңғайсыз. Теннистен кейін түнімен футбол көрдім:) Қызықты нәтижелер болды. Польша, Уэлс, және мен көптен күткен Португалия. Қуанып жатып уйықтадым ғой....
- Тоқта, тоқта... Менің футболға қызықпайтынымды білесің ғой!
- Білемін. Өзің ғой енді сұраған кеше жазбағанымның себебін. Жарайды мен жуынып-шайынып алайын.

Дәурен желіден 15 минут бүрын шығып кетті

0
0
259

Жазғы кино жаңалықтары

Жаз-демалыстар уақыты. Демалысты біреулер шет елдерді аралаумен өткізсе, енді біреулер өз елінде көңіл көтеруді жөн көреді. Алайда, жаз мезгілінде қызықты фильм тамашаламайтын адамды кездестіру өте қиын. Осы орайда 2016 жылдың жазында бізді кино әлемінің қандай қызықтары күтіп тұрғанын жазып үтуді жөн көрдім. Назарларыңызда жаздың ең таңдаулы 3 филмі: 3. "Иллюзия обмана 2". Атышулы фильмнің бірінші бөлімі қарама-қайшы пікірлерге толы болды. Бір топ адамдар ондағы кейбір дүниелердің ойға қонымсыздығын жақтырмаса, керісінше басқалардың ол көңілінен шыққын еді. Бірақ, қандай пікірлер болғанымен біріншы бөлімнің жиған қаржысын саралай отырып, фильмді сәтті деп сенімді түрде айтса болады. Осындай сәтті бастамадан кейін сиквел күту заңды құбылыс. Екінші фильм де дәл бұрынғыдай бас айналдырырлық…

0
0
525