Қызылордалық полицейлер журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады.
«Сіздерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын! Бізбен әріптестік қарым-қатынас орнатып, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарыңызға алғыс білдіремін. Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс пен шығармашылық идеялар тілеймін», - деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов.
Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
