Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың идеясын, соның ішінде «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт Жоспарын көпшілікке түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшылығы тұрақты түрде алыс шалғайдағы ауыл-аймақтарда кездесулер өткізіп тұрады. 2016 жылдың 21 маусымда осындай кездесулердің бірін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, басқарма басшысы Б.Хайруллин Ақжайық ауданында өткізді. Кездесу шеңберінде М.Нұртазин мен аудан әкімі Ә.Жоламанов аудандық деңгейде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Чапаев және Тайпақ елді мекендерінде еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, азаматтық қоғам және…

0
0
1871

Жоғарғы Соттың Төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын келе жатқан кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Кездесуде Қ.Мәми: «Заманауи демократиялық және құқықтық мемлекет үшін қоғамның барлық өкілдерін саяси өмірге белсенді араластыру маңызды. Ал бұл масс-медианың қатысуынсыз мүмкін емес. Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір тәріздес. Бір жағынан олар адамдарды толғандыратын мәселелерді айтса, екінші жағынан оларды шешудің жаолдарын хабарлайды», - деді. Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының маңыздылығын айта келе, ол соттар қолданыстағы заңнама негізінде БАҚ-пен жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті. Бұл үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының…

0
0
531

«Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» дөңгелек үстелі

Ағымдағы жылдың 21 маусымында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «еКОМЕК» қоғамдық қорымен бірлесе, Ақмола облысының жастар мәселелері басқармасының қолдауымен «Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтті. Пікірталас барысында Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді баспана мен ортаны қамтамасыз ету сұрақтары, жоғары қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту қиыншылықтары, аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болашағы талқыланды. Кездесу модераторы «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы Жанаргүл Жунусова болды. Басты тақырыптар бойынша «еКОМЕК» Қайырымдылық қоры» ҚҚ презид…

0
0
857

Көкшетауда жастар Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

2016 жылдың 15 маусымы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасымен ҚР ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты курсанттарымен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және талқылау бойынша кездесу ұйымдастырды. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру барысын талқылады. «Жас Отан» Жастар қанатының АОФ төрағасының орынбасары Сымбат Үсен өз сөздерінде Мемлекет басшысының Жолдауымен таныстырып, басты ба…

0
0
1062

Мобильді ЖҚКО өз жұмысын жалғастыруда

2016 жылдың 20-21 маусым аралығында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі келесі аудандық Жастар орталықтарында Мобильді ЖҚКО өткізді:

- Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-сі;

- Качир ауданы ішкі саясат бөлімінің «ALDASPAN» жастар орталығы» КММ-сі;

- Железин ауданы ішкі саясат бөлімінің «АЙБАТ» жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі.

Кездесу екі бөлімде өткізілді: ресми бөлім және сервистер бойынша кеңестер.

Ақпараттық бөлімде Дүниежүзілік Банк бағдарламасы түсіндірілді. Жұмысты түсіндіру барысында екі бейнеролик көрсетілді.

Екі күндік мобильді ЖҚКО нәтижесінде жалпы 70 адам қамтылды.

1
0
545

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы- Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Жапақовтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды. Спиридонов ауылының әкімі А.Қ. Смағұловқа және «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. М.Б. Қарабұзауовқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Егіндікөл ауданы Спиридонов ауылының кіреберіс жолына ағымдағы жөндеу жасаған кезінде «Инвест строй-групп-I» ЖШС-не құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетіп, ЖШС-мен бір көздік тәсілі ар…

0
0
423

Тіл

Жақын болашақта еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне аяқ басады. Мұның бәрі мемлекеттің басқа елдермен қазір жасап жатқан етене қарым - қатынасының нәтижесі болмақ. Мемлекеттер арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыс, ел халқына жаңаша талаптар қояды. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін, болашақ ұрпақ саналы әрі жан-жақты болуы тиіс. Бұл тұрғыда бірнеше тілді меңгерудің алар орны ерекше. Тіл – ғылымның терең тұңғыйғына жетер жолдағы асыл құрал. Сонымен қатар, тіл шетелдік мамандармен ой және тәжіребиемен алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Бірнеше тілді меңгерген халықтың халықаралық ортада бәсекелестігі бірнеше есеге артатыны рас. Өз кезегінде, үштілділік бағдарлама, қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылатын, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайы…

1
0
291

Үздіктерді – Құрмет тақтасына!

Кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында, Ақмола облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерінің Электрондық құрмет тақтасы туралы» Ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметтің қалыптасуына, дамуына және гүлденуіне жеке үлес қосқан қызметшілердің еңбегін мойындау және оларға көрсетілген құрмет ретінде мемлекеттік қызметшілердің Электрондық құрмет тақтасы құрылды. Құрмет тақтасына Департаменттің жанындағы құрамына тәуелсіз сарапшылар енген кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша, облысымыздың мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам қызмет атқарған, жоғары кәсіби біліктілігімен, адалдығымен және қоғамға риясыз қызмет етуімен ерекшеленген 15 мемлекеттік қызметшісі орна…

0
0
2291

Әкемді сағындым....

Әке... Бұл 3 әріп - мағынасы терең, Асқар тауың, қамқор жан,жанашыр тірегің. Әкем керемет жан еді. Балалық шағымды ешқандай қамсыз өткізді.Барын берді, оқытты.Енді қызығымды көретін кезде өмірден озды. Алланың бұйрығы шығарылады,ол жергеде жақсы адамдар керек дейді гой, қазір қасымда жоқсың...

1
0
2185

Достық үйінде ұрпақтар кездесуі өтті

Мемлекеттік қызметші күні мерекесі қарсаңында а.ж. 21 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Қазақстанның мемлекеттік қызметі - кеше және бүгін» тақырыбында мемлекеттік қызметтің ардагерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Кездесудің модераторы Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев қоғамның үздіксіз дамуының шарты болып табылатын, өмірлік маңызды құндылықтарды, көпжылғы тәжірибені аға буыннан жас ұрпаққа жеткізуге көмектесетін мұндай кездесулердің маңыздылығын ерекше атап өтті. Іс-шараға ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуына жеке үлестерін қосқан облыстың мемлекеттік қызметінің ардагерлері М.Құлмағамбетов, Ғ.Төлеғұл, П.Трищ қатысты. Кездесу барысы…

0
0
553