Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бекзат Молдабергенов: «Арманым- салихалы ұрпақ тәрбиелеу!»

 

-Саламатсыз ба?  Бүгінгі «Ән мен әзіл »  атты  бірлескен  кештеріңіз   керемет өтуде.  Арал  қаласына  алғаш келуіңіз бе?

-Рахмет. Жалпы, Арал өңіріне өзімнің екі бірдей шығармашылық кешімді өткізіп  үлгердім. Аралдың өзіне, сонымен қатар ауылдарына да.  Бүгінгі концерт, Жасұлан  бауырымның ұйымдастыруымен  жалпылама бірлесіп қойылып жатқан концерт. Негізі, Арал өңірінің халқына жақсы бір көңіл күй сыйлайық, жақсы әуендерді тыңдатайық деген жақсы ниетпен ұйымдастырылған дүние. «Аралдың  табанынан  су кеткенмен, халқының  жүрегінен жыр кеткен жоқ »,- деген Бекұзақ ағамыздың жақсы сөзі бар. Арал халқы керемет кештерді күтеді. Сол себепті де, «осылай жақсы көңіл-күй сыйлайық»,- деген ойда концерт беріп жатқан жайымыз бар.

-"Өнерлі өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар",-деген қанатты сөз бар!. Халыққа  «Бекзат Молдабергенов» болып, жас әнші ретінде қай кезден бастап  таныла  бастадыңыз?

-2012 жылы «Жанарым-ай» әні шықты. 2013 жылы  «Саз  әлемі» байқауына қатыстым. Ол байқаудан  2-орын  иегері болдым.  Содан кейін халық бірте-бірте біле бастады.

-«Өнер жолы-ауыр жол» дегенді  қалай түсінесіз?

- Тек, өнер жолы ғана емес, әрбір кәсіптің өзінің  ауыртпашылығы  болады.Өйткені, оңайлықпен  нан таба алмайсың. Әрбір  істің  өзінің  бір қиыншылығы,  бір жеңілдігі   болады.Аллаh Тағала айтады ғой: «Әрбір қиыншылықта бір жеңілдік бар»,-деп. Өнер жолының ең қиыншылығы- халықтың мұңын көтеру, халыққа жағу.

-Көптеген қоғамдық орындар да , көліктерде, сауда орындарында, тойларда  сіздің әндеріңізді жиі естіп жатамыз. Бірақ, халық сізді тани бермейді. Өзіңізден бұрын, әніңіздің танымал болуы не себептен?

-Мені халық танымайды, танымай да кететін шығар, көбісі!  Өзімді «радио әнші» есебінде қабылдаймын. Себебі, ащы да болса , шындық. Қазір телевидениеге  үш-төрт-ақ адам ғана биліктерін жүргізіп отырған заман. «Аузы қисық болсада, байдың баласы  сөйлесін »,-деген бар ғой. Қазір кімнің қалтасында пұлы бар, сол адам ғана телевидениеге шыға алады. Нағыз таланттылар, нағыз өнер иелері тасада қалуда. Талай рет телевидениеге барып, өзімнің бейне клиптерімді көрсетуге ұсындым. Қабылдамайды. Қазір енді, ақшаның заманы ма, білмеймін ғой. «Аға, көке»,-дейтін заман ғой. Өзімді «радио әнші» деп есептейтінім, өйткені, сіз айтып отырсыз, бір емес  бірнеше әндерім танымал.Бірі біледі, бірі білмейді.Кейде, қасымда жүрген өзімнің замандас достарымның өзі, өз әнімді өзіме әкеп тыңдататын жағдайлар болды. «Бекзат, мына әнді тыңдап қараш»,-деп. Содан біле беруге болады.Енді Алла қаласа, көптеген жұмыстар жасап жатырмыз. Телевидениеге шықпасақ та, осындай ауыл-ауылдарды аралап, өзіміздің ән сапарымызды әліде жалғастырудамыз.Берірек те, Орынбордағы қазақтарымыз ға, бауырларымызға концерт беріп келдік. Ташкентке барып қайттық. Одан қалды батыс өңіріне  концерт беріп жатырмыз. Мұнымен тоқтап қалмаймыз деген ойдамын. Сөйтіп-сөйтіп , бұйырса,   халықтың көңілінен шығармыз.


-Репертуарыңызда  «плагиат » әндер бар ма?  Жалпы, «плагиат» әндерге деген көзқарасыңыз   қандай?

-Енді, «плагиат қазақта ғана бар»,- деп айта алмаймын. Кез-келген шет мемлекеттерде де бар. Көптеген мемлекеттерде  басқа бір елдің әнін өз тілінде аударып алып, орындап жататын әншілер бар. Әнші болғаннан кейін, өзіне ұнаған әнді орындағысы келеді. Бірақ, кез-келген әншінің  авторлық құқық бойынша рұхсат сұрап алуына  болады . Мысалы, біз Қазақстанда жүріп шет елдің әнін ұнатып қалсақ, шет елге барып рұхсатын ала алмаймыз ғой.  Плагиат ән  барлық  әншіде бар, менде де бар.

-Жанкүйерлеріңіз тарапынан айтылған сын-пікірлерге қаншалықты деңгейде мән бересіз?

-Сабырмен жауап беруге тырысамын. Сынды жақсы қабылдаймын.Бірақ, кейбіреулер «сын» деп шекарадан  шығып кетеді. Оны енді сын деп қабылдай алмаймын. Өйткені, «ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып» жататын тыңдармандар да болады.Әлеуметтік желі де балағаттық, анайы сөздер жазып жатады   Оларға енді сабырмен жауап беремін. «Алла жүректеріне иман берсін»,- деймін. Басында кішкене ашынатындығым бар еді. Өздеріне қалай болса солай жауап беретінмін. Қазір түсіндім, тек үндемей құтылу керек екен. Бәрі адамның санасына байланысты. «Адамның қандай екенін білгің келсе, аузындағы сөзіне қара»,- дейді ғой. Әрбір адамның аузынан шыққан сөзіне қарап, қандай екенін білуге болады. Тыңдармандарыма айтатыным: «жақсы мәміледе болайық!»

-Әлеуметтік желілерді жиі пайдаланасыз ба?

- Қазір әлеуметтік желілердің заманы ғой. Біз сияқты телевидениеден көріне алмай жүрген әншілер әлеуметтік желілер арқылы танылып жатқан жайы бар. Бір жағынан халыққа өзінің қандай жұмыстар жасап жатқанын, қандай дүниелер шығарып жатқанын халықпен бөлісу деп ойлаймын. Әркім әлеуметтік желілерді әртүрлі қабылдайды.

.

-Сізді киелі сахнадан көп көре аламыз ба, әлде тойлардан ба?

-Жалпы, мен емес, бүкіл әнші тойға шығады. Мен айтайын сізге,бұрындары «Ән мен әншінің », 2003-2004 жылдары, сондай бір эстраданың жақсы көтеріліп тұрған заманы болатын .Қазір «құлдырады»,- деп айта аламын. Өйткені, қазір көп әндердің сапасы да жоқ. Мойындау керек. Жұбаныш ағамыздың әндері қандай?Саят ағамыздың әндері қандай? Жалпы, әншілердің бәрі той үшін ән жазады. Тойдың әні бөлек, сахнаның әні бөлек деп айта аламын. Соны қазір кейбір әншілер ауыстырып алған сияқты. Бір әнді екі жерге де орындай беретін болдық ғой, қазір. Өйткені, біздің тауып отқан нәпақамыз сол  болып отыр.

-Қандай бағыттағы әндерді көп орындайсыз?

-Менің негізгі ән әлеміне келгеннен кейін шыққан мақсатым-байырғы әндерді, бұрынғы ретро әндерді халықтың санасынан өшейін деп жатқан әндерді қайтадан халыққа жаңаша, басқаша  стильде шығарып орындап беру. Енді, қазіргі уақытта менің өзім лирикалық, баяу әндерді жақсы көремін.Түбегейлі қатып қалған бағытым жоқ. Той әндері де бар, басқасы да бар. Ендігі кезекте қазір жұмыс жасайын деп жатқаным- патриоттық әндерге көңіл бөлсем ба деп жатырмын.Өйткені, репертуарым сондай әндерді сұрап тұр. Патриоттық, діни әндер, яғни салмағы бар әндер. Қазір, салмақсыз әндер көбейіп кетті ғой.

-Сіздің орындауыңыздағы көптеген әндер халық арасына кеңінен танымал, яғни "хит әндер" десек те болады. Жалпы, қандай авторлармен жұмыс  жасайсыз?

-Кез-келген автормен. Қазір Оразхан Сейілхан деген  ақынмен жұмыс жасап жатырмын. Жаңақорғандық айтыскер ақын, өнердегі ағам. Сол кісімен түбегейлі жұмыс жасаудамыз.  Ал, сазгерлерден  «Азия» тобының мүшесі Нұрсұлтан Батырқұлов деген бауырым бар. Кейбір жас сазгерлер өзінің әндерін ұсынып жатады.Көңілімізге қонымды жақсы әуендер болып жатса, шығаруға тырысып жатырмыз.

-Өнер жолыңыздың басталуына себепші болған байқауларды айта аласыз ба?

-Байқау-әрбір әншінің бірінші баспалдағы ғой. Байқаусыз ешнәрсе болмайды. Өйткені, ол бірінші сабақ. Байқаудан көп нәрсе үйренеді, сахна тәрбиесін, сахна тілін, жүріс-тұрыс бәрін де. Облыстық , халықаралық, републикалық байқаулардан жүлделі орындарым бар. Бәрінен бірінші орын деп айта алмаймын. Бірінші орын екеу-ақ. Қалғандары-үш,екі.

-Алдағы уақыттағы арман- жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

-Арманым-бір басымды екі ету. Пайғамбарымыз с.ғ.с  айтады ғой: «Көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен мақтанам»,-деп. Бір басымды екі етіп, салихалы ұрпақтарсүю. Бұл, негізі екінші арманым.  Ал, бірінші – ата –анамның разылығын алу. Өйткені, Алланың разылығы-ата-ананың разылығында дейді. Сол, әке-шешеміз осы күнге дейін бағып-қағып келді, ендігі біздің мақсат-сол кісілерге жұмыс істеу. Өнер  өзімен.  Қазір көп кісілер, жастар  дүниені қуып кетіп жатыр. Ал, мен  үшін  басты орында тұрған-отбасы. Отбасылы болып, әке-шешемізге нөмере-шөбере сүйдіріп, бақытты болу.

-Оқырмандарыңызға, тыңдармандарыңызға қандай тілегіңіз бар?

-Оқырмандарыма, тыңдармандары ма , «Алла, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін»,- деймін. Дендеріңізге саулық тілеймін, сіздердей тыңдармандарымыздың барына Аллаға шүкір етеміз, мақтанамыз, марқаямыз.Бар болыңыздар, сіздерге шығармашылық табыс тілейміз. Жұмыстарыңыз жана берсін. Біз сияқты өнер адамдарының берген сұхбаттарын бұрмаламай , қалай бердік солайынан халыққа ұсынып  жүріңіздер. Кейбір журналистерге қарным ашады. Кішкене сөздерді бұрмалап, басқашалап жібереді. Соны қателеу деп ойлаймын. Рахмет!

-Сізге де көп-көп рахмет! Өнер жолының биік шыңдарын бағындыра беріңіз!


   

Сұхбаттасқан: Фаризат Амангелді

 
1
0
1471

Осы тақырып бойынша