Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным
2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметке алғаш рет басшы лауазымдарға тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы – департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев. Өзінің кіріспе сөзінде Е.Жайықбаев қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, сондай-ақ келе жатқан кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Модератор мемлекеттік қызметтің принциптеріне, кадрлық әлеуеттің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы р…
