Жазғы кино жаңалықтары
Жаз-демалыстар уақыты. Демалысты біреулер шет елдерді аралаумен өткізсе, енді біреулер өз елінде көңіл көтеруді жөн көреді. Алайда, жаз мезгілінде қызықты фильм тамашаламайтын адамды кездестіру өте қиын. Осы орайда 2016 жылдың жазында бізді кино әлемінің қандай қызықтары күтіп тұрғанын жазып үтуді жөн көрдім. Назарларыңызда жаздың ең таңдаулы 3 филмі:
3. "Иллюзия обмана 2". Атышулы фильмнің бірінші бөлімі қарама-қайшы пікірлерге толы болды. Бір топ адамдар ондағы кейбір дүниелердің ойға қонымсыздығын жақтырмаса, керісінше басқалардың ол көңілінен шыққын еді. Бірақ, қандай пікірлер болғанымен біріншы бөлімнің жиған қаржысын саралай отырып, фильмді сәтті деп сенімді түрде айтса болады. Осындай сәтті бастамадан кейін сиквел күту заңды құбылыс. Екінші фильм де дәл бұрынғыдай бас айналдырырлық шытырман оқиғаға толы болады ма? Оны тек фильмді тамашала,ан адамдардың пікірінен біле аламыз.
2. Клингон тілінде сөйлесетін Шэлдон Купер кімнің есінде? Йә! Егер де сіз "Спок" деген есімді естігенде таныс ассоциация қалыптастыратын болсаңыз, сіздің қуанышыңызға ортақпын. Себебі осы жазда көптен күткен фильм жарыққа шығады. Дәл солай, сіз қателескен жоқсыз! "Стартрэк"!
1. Менің пікірім бойынша бәрінен де қатты күтілетін кинотуынды! Джокер, Дэдшот, Харли Квин, Бэтмэн... Мундай танымал кейіпкерлерді айтқанда ойға DC comics қалыптастырған қараңғы түнекке толы әлем келеді. Бірақ, бұл жолы емес. Себебі бұл фильм арқылы DC өз әлеміне жаңалық алып келеді. Оны тек күту ғана қалды. Сонымен бірінші орындағы фильм-"Отряд самоубиц".
