Мазмұнға өту

Жаңа

Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Жалпылай алғанда, ҚР АШМ тарапынан өсімдік шаруашылығындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Оларға сәйкес электрондық дақылдық қолхатқа өту а.ж. 23 шілдеден бастап іске асырылмақ.

Сақтандыру мен өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығы индексі негізінде сақтандыру жоспарлануда.

Аталған жаңалықтар осы саладағы тиімді жұмыс жүргізу үрдісін қалыптастыруы тиіс.

0
0
458

Роналду Еуро-2016 «Күміс бутсаны» командадағы жолдасына сыйлады

Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және голға үш доп шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марпатталды, деп жазады life.ru.

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек.  Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:

- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.

 
0
0
413

Прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібі туралы жадынама

Прокуратура органдарына қабылдау 2 кезеңде жүргізіледі:

1) Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерттеу

2) Конкурс (іріктеуден өткендер үшін).

Бірінші кезең. Кандидаттарды іріктеу мен алдын ала зерттеу бос лауазымдардың болуына және конкурс жариялауға қарамастан прокуратура органдарына қызметке кіруге ниет білдіруші өтініш берген кезден бастап жүргізіледі.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdaryna-kyzmetke-kiru-trtibi-turaly-zhadynama

 
0
0
590

Прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 15 тамыздан бастап республикалық және облыстық БАҚ-та прокуратура органдарының бос лауазымдарына конкурстар туралы хабарландыру жариялауды бастайды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdaryna-kyzmetke-kabyldau-turaly-habarlandyru


0
0
425

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.                                                                                    11.07.2016 ж.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы «Бабык Бурлук» ЖШС-да агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдардың және олардың ведомстваларының, облыс әкімдіктерінің және ауыл шаруашлығы тауар өндірушілерінің қатысуымен республикалық кеңес өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырды.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрімен гектарлық субсидия механизмінің кемшіліктері, гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шығындарды субсидиялау механизмдерінің қаржыландырылмауы және егістік алқаптарды әртараптандырудағы проблемалық мәселелері атап өтілді.

Кеңес кезінде Ауыл шаруашылығы министрі жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қатысты Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қазіргі таңда жеңілдікпен несие беру және жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерін субсидиялау құралдарын әзірлеп жатқандығын атап өтті. Аймақтарда жеке қосалқы шаруашылық кооперативтерінен көкөніс өнімдерін сатып алу және жүзеге асыру үшін сервистік-дайындау орталықтарын және көкөніс-жеміс сақтау қоймаларын құру қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, электрондық астық қолхаттарын ендіру институттарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Кеңестің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстар әкімдіктерімен бірлесіп АӨК мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, ауыл халқын тиімді  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және АӨК өнімдерін шығару көлемін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.

Сондай-ақ облыстар әкімдіктеріне майлы және жемдік дақылдардың үлесін арттырумен егін алқаптарының құрылымын диверсификациялау бойынша меморандумдардың орындалуы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға  (астықты терең өңдеу, майлы дақылдар) инвестициялар тартуды қамтамасыз ету  бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz

0
0
630

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді

Соңғы 11 жылда (2003-2015 жж.) баланың тууына орай төленетін бір реттік жәрдемақы отбасындағы бала санына байланысты 7,8 есеге дейін ұлғайды (13 мың 177 теңгеден 103 мың 758 теңге дейін).

Әлеуметтік қолдаудың аталған  түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оң әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіші 2,5 есеге ұлғайды.

2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне  төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 - 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мың 90 теңгеден 11 мың 417 теңгеге, екінші балаға – 3мың 605 теңгеден  13 мың 498 теңгеге, үшінші балаға  4 мың 120 теңгеден 15 мың 559 теңгеге дейін). Төртінші және одан кейін туған балаларға жәрдемақы 3,8 есеге,  4 мың 635 теңгеден 17 мың 640 теңгеге дейін артты.

2010-2015 жылдар аралығында мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға төленетін жәрдемақы 1,5 есеге, 14 мың 952 теңгеден 22 мың 433 теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды (тұлғаларды) қолдау үшін мемлекет тарапынан отбасының әр мүшесіне атаулы әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған. 2002-2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақының көлемі 2,7 есеге ұлғайды  (с 816 теңгеден 2 мың 179 теңгеге дейін).

Қазақстанда 1999 жылдан бастап ҰОС ардагерлері, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар, көпбалалы аналар мен отбасылар, барлық топтағы мүгедектер және т.б., барлығы азаматтардың 20 санатына мемлекеттік арнайы жәрдемақы (МАЖ) төленіп келеді.

Соңғы 17 жылда МАЖ көлемі 7 есеге,  926 теңгеден 6 мың 474 теңгеге дейін артты.

Еске салайық, көрсетілген жәрдемақылардың көлемі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде жыл сайын индекстеліп отырады. 2016 жылы АЕК 2 мың теңге 121 теңгені құрады.

 
0
0
377

2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ. 11.07.2016 ж.

2,6 млн.дана бекіретұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді. Оның ішінде 900 мың данасы бекіре шабағы және 1,7 млн.дана шоқыр шабағы.

ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретінкәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.

Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz

0
0
1583

Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясы тимбилдинг өткізді

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясының қызметкерлері «Каспий теңізінің қарақшылары» командалық ойынының нұсқасымен қызықты тимбилдинг өткізді.


Тимбилдинг аясында ұжым мүшелері біртұтас команда құруға және корпоративтік рухты көтеруге бағытталған түрлі сайыстар мен ойын бағдарламаларына қатысты.


Қатысушыларға «Телеком» аралындағы «қазына іздеушілер» кейпіне ене отырып, топ жасақтау, жетекші тағайындап, топтың аты мен ұранын ойластыру және «Электр тізбегі», «Сенім үшін», «Жалғыз қолды қарақшы», «Пирамида», «Театр»  бекеттеріндегі қазыналарды табу үшін көптеген кедергілерді жеңіп шығу міндеті қойылды. Өте қиын сынақтардан тек қана бір-бірін қолдап, көмектесе отырып өтуге мүмкіндік болды.


«Біз бүгін үлкен ұйымшыл командамызбен таза ауада, бейресми түрде өте көңілді уақыт өткіздік. Тимбилдингтің барлық сайыстарына қатысып, логикалық және физикалық тапсырмаларынан өттік. Мұндай шаралар ұжымды біріктіруге және ниеттестік пен достық қарым-қатынастарымызды нығайтуға көмектеседі», - деп тимбилдинг қатысушысы коммерциялық директордың орынбасары Раушан Нұрғазиева өз әсерімен бөлісті.


Жарысттарға қатысқан бес команда арасынан «Каспий арландары» тобы жеңімпаз атанды. Ұжым мүшелері үшін аталған демалыс психологиялық тұрғыда сергіп, жаңа күш-қуатпен жұмыс күндеріне араласуға септігін тигізді. Тәжірибелер көрсеткендей, мұндай шараларды өткізу қызметкерлер арасындағы ықпалдастық деңгейін жоғарылатып, алға қойған мақсаттарға жету жолында бір-бірін қолдай білуге дағдыландырады.


Тимбилдинг соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысындағы ерекше тақырыптық киім үлгісі үшін тағайындалған басты сыйлықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инженері Ольга Ромашкина мен сатуды басқару қызметінің мамандары иеленді.


1
0
2971

Мемлекеттік ұлан күзет қызметі Қазақстан Республикасы Басшысының реформасын қолдайды

ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2016 жылдың 1 шілдесіндемемлекет Басшысы ұсынған "ұлт Жоспары 100 нақты қадам",Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясын және 2016 жылдың 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Заңдар туралытүсіндіру дәрісін өткізді.

Департаментің Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу Басқарма басшысы Максатхан Анапин атап өткендей, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалды реформаның іске асыру үшін "100 нақты қадам" анықталған. Бірінші реформа - бұл қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру және реформалау жүйесінде нақты іс-әрекеттерді анықтайды.

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңы қабылданды, ол 69 баптан тұрады және барлық мемлекеттік қызметкерлерге оның ішінде құқық қорғау органдарынада бірдей қолданады.Заңжұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттан өтуді қамтиды, талаптарды жетілдіру және жаңа еңбекақы төлеу. Сонымен қатар іс-шара барысында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", "ақпаратқа қолжетімділік" және "қоғамдық кеңес", туралы жаңа заңдар түсіндірілді.

Еліміздің басшысымемлекеттік қызметші мемлекетті тиімді басқаруға үшін негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік позиция. Мемелекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне білуі жәнеөз елінің патриоты болуға барлық шараларды қолдануға, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін қызмет ету керектігін атап өтті Максатхан Анапин.

 
0
0
1593

Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Департаменттің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша  және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменттерінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты дөңгелек үстел   өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының  бас маманы Оразов Сайлау Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйелері  және жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары мен «Әдеп кодексін»   жан-жақты   түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Бақытбек Олжабаев  Мемлекет басшысының   «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қазақстан-2050» стратегиясындағы елдің өнеркәсіп салаларын индустриялық дамыту, экспорттық бақылау саласы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру  мен елді индустриялық-инновациялық дамыту және экспорттық бақылау және жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау мәселелеріне тоқталды.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттің бас маманы Алмас Тойшыбеков жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызмет туралы» «Әдеп кодекісінің» негізгі бағыттарына жан-жақты түсініктеме берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің аға офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ескерту жүйесін және құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды азайту  мәселелріне тоқталды.

Семинар-кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейне роликтер көрсетілді.

 
0
0
553