Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңды қабылдау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Жалпылай алғанда, ҚР АШМ тарапынан өсімдік шаруашылығындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Оларға сәйкес электрондық дақылдық қолхатқа өту а.ж. 23 шілдеден бастап іске асырылмақ.

Сақтандыру мен өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру аясында ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығы индексі негізінде сақтандыру жоспарлануда.

Аталған жаңалықтар осы саладағы тиімді жұмыс жүргізу үрдісін қалыптастыруы тиіс.

0
0
418

Осы тақырып бойынша

Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды - Yvision.kz