Прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібі туралы жадынама
Прокуратура органдарына қабылдау 2 кезеңде жүргізіледі:
1) Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерттеу
2) Конкурс (іріктеуден өткендер үшін).
Бірінші кезең. Кандидаттарды іріктеу мен алдын ала зерттеу бос лауазымдардың болуына және конкурс жариялауға қарамастан прокуратура органдарына қызметке кіруге ниет білдіруші өтініш берген кезден бастап жүргізіледі.
