Роналду Еуро-2016 «Күміс бутсаны» командадағы жолдасына сыйлады
Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және голға үш доп шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марпатталды, деп жазады life.ru.

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек. Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:
- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.
