Мазмұнға өту

Жаңа

Соңғы 13 жылда Қазақстанда 133 мыңнан астам телемедициналық консультация өткізілді

Қазақстанда 2004 жылдан 2016 жылға дейін медицина ұйымдарының пациенттері 133 мың 392 телемедициналық консультация арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алды. Тек 2015 жылы әртүрлі нозологиялар бойынша 24 мың 970 телемедициналық консультация өткізілді. Ерекше қажет болған консультациялар: кардиология бойынша 5 мың 600 сеанс, пульмонология бойынша – 3 мың 215 сеанс, неврология бойынша – 2 мың 251 сеанс және тағы басқалары. Бүгінгі күні Ұлттық телемедицина желісі (бұдан әрі - ҰТЖ) еліміз бойынша 199 денсаулық сақтак нысанын біріктіреді және аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерге бөлінеді. Аудандық деңгейдегі (141 аудандық және қалалық аурухана) медицина ұйымдарының қызметкерлері консультацияларды облыстық ауруханалар мен республикалық медицина орталықтарындағы әріптестерін…

0
0
344

үштілділік бағдарлама

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үш тілде білім беру мәселесі аясында жаңаша ой-пікір білдірген болатын. Министрдің пайымдауы бойынша, үштілділік бағдарлама негізінде ағылшын тілі емес, қазақ тілі болуы тиіс. Бүгінде елімізде орыс тілінде білім алатын 500 мың оқушы қазақ тілін меңгермеген. Осыған байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі, үш – төрт жылдың ішінде аталған жарты миллион мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретпек. Бұл мақсатқа жету жолында ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі әзірленуде. “Аталған әдістеме озық ғылыми зерттеулердің негізінде болады”,- дейді Е.Сағадиев. Өз кезегінде, бұл қазақ тілін алты айда толық меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған өзгерістерге қарап, жақын болашақта еліміздегі барлы…

0
0
734

Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.

Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін күні еліміздің батысында боламын деп ойламаған едім. Сәтіміз келіп, сапарымыз оңымыздан шығып осы бір қалаға жетіп қалдық. Атыраудың орталық мешіті "Иманғали" деп аталады, Атыраудың қақ ортасынан орын алған бұл ғимараттың паркімен бірге алғандағы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, ал жекелей алғанда 1300 шаршы метр. Биіктігі 23 метр болатын күмбезінің диаметрі 7 метр, екі жағынан 26 метр болатын екі мұнарасы бар. Исатай-Махамбет ескерткішінен 5 минуттық жолда, жан-жағы банктерге толы, қаланың орталық алаңында орналасқан. Уақыт түнгі 11-ден асқан сәтте бұл мешіт жаққа такси ұстап жетіп қалдық. Адамдардың көптігі таң қалдырды, алайда, мешіт ауласының әр сантиметрінде бір адам жүргендей көрінді м…

4
0
1727

Менің жүрегімде Павлодар

Демалыс күндері, Арбат шығармашылық жастар көрмесінің аясында, Гагарин атындағы жастар саябағында қаламыздың тағы бір көрікті жеріне айналатын - «Менің жүрегімде Павлодар» стелласының ашылу салтанаты өтті. Қазақстанның түгел дерлік қалаларында қала тұрғындары өз өңіріне деген ыстық махаббатын білдіретін тамаша стелла орнатылған. Павлодар өңірі де, стелла нобайын дайындау ұсынысымен шыққан Жастар бастамаларын дамыту орталығының арқасында шетте қалмады. Аталмыш бастаманы қала билігі қолдап, жаңа туындыны қарқынды дамып келе жатқан Гагарин саябағында орнату шешімі қабылданды. «Менің жүрегімде Павлодар» - осы өңірден белгілі бір себептермен көшіп кеткендерден, Павлодарда бұрыннан тұратындардан, яғни өз қаласын Жер шарындағы ең үздік қала санайтындардан естуге болатын сөз. Қала тұрғындары бұл…

1
0
843

Павлодар жағажайында Астана күні өтті!

Астана күніне орай, дәлірек айтқанда, дәл осы жексенбі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған бірқатар шаралар арқасында, Павлодар қаласының қонақтары мен тұрғындары «Астана Кубогіне» таласты да, автокөлік моторының гүрілін де, жазғы тамаша көңіл-күйді де көріп қана қоймай, сезіне алды. Спорт алаңдарында жағажай футболы мен волейбол жарыстары өткізілді. Қатысушылардың айтуынша, әдеттегі футболдан жағажай футболын ойнау әлдеқайда қиын көрінеді. Дегенмен, жеңімпаз атануға біршама үміткерлер жиналды. «Астана Кубогіне» бала кезінен допқа құмар ұлдармен қатар, «Жасыл ел» құрамасынын атынан қыздар қауымы да бағын сынап көрді. Футболмен қатар, жағажай волейболының қатысушылары да қарсыласының қақпасына гол кіргізуді көздеді. Жағажай Чемпионатының нәтижесінде, орындар келесідей бө…

1
0
1140

Электронды сот құжаттарының түпнұсқасы QR-код арқылы расталатын болады

Баршамызға мәлім, кейбір азаматтар онлайн-қызметтерді тұтынуға әлі күнге дейін күмәнмен қарайды. Дей тұрғанмен, «Сот кабинеті» сервисі тұтынушыларының саны күн өткен сайын артып келеді және қазіргі таңда республиканың сот органдарына 809 мыңнан астам талап арыздар, өтініштер мен өзге де құжаттар электронды нұсқада келіп түскен. Электронды сот төрелігін одан әрі дамыту мақсатында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті тұтынушылар үшін сот құжаттарының, соның ішінде электронды сот актілерінің легитимділігін тексеруге бағытталған арнайы сервисті іске қосты. Бұдан былай азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері QR-код (екі өлшемді штрих-код) арқылы электронды құжаттардың легитимділігін анықтай алады. QR-кодты тексеру үшін Мобильді Сот кабинетінің соңғы нұсқ…

0
0
397

БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 30 маусымында өткен кезекті отырысында Жаңақала және Бөрлі аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. - Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Д.Закариннің, Жаңақала ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Мендіханның және Жаңақала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Қарағойшиннің, ауданда құрылған қоғамдық қордың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласу мәселесіне қатысты Жаңақала аудандық прокуратурасының ұсынысы қаралып, талқылау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабының 1-тармағының 1- тармақшасында көзделген мем…

0
0
485

Қош келдің Рамазан!

Рамазан – ерекше ай. Ол Тәңірдің адамзатқа берген айрықша сыйы. Отыз күн жұмаққа беттелген отыз қадамдай жанды баурап алатын қасиетті уақытта жүрек дүрсілі жиілейді. Дін күрделі дүние. Қай тараптан да нұр таратқан ислам дінін бүгінде мазаққа айналдырғысы келіп жүрген қалталы ұйымдар көп. Дегенмен, бұл көзі ашық, көкрегі ояу, иманы мықты пендені тура жолдан тайдыра қоймайды. Себебі ислам қашан да мейрімділікті үндейді. Елімізде және күллі әлемде болып жатқан дін төңірегіндегі оқиғаларды көріп таң қалудан қалдық. Миссионерлердің құрбаны болып жатқан жастар бұл қадамға екі мәселе бойынша барады. Біріншісі, өзара қомақты қаражат уәделеседі. Қазір теледидар, ғаламтор байлықты жиі насихаттайды. Көп функционалды қалта сымтетіктерін, зәулім үйлерді, қос-қос мәшіне, саяхаттарды көріп, ауызы ашылып…

2
0
3092

Пікір

Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы» деген тақырыпта қоғамдық талқылауда академик Асқар Жұмаділдаев өте сауатты пікір білдірді. – Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары. Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты. Қазақ тілінде бастауышке, орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы а…

0
0
506

Бізде тәуелсіздік алғалы бері 18 министр ауысыпты

Сонда оқу-ағартудан кеткен кемшілікті, олқылықты кімнен сұраймыз? Ешкім де жауап бермейді. Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең. Кінәнің бәрін өзіне арқалатады да, қоя береді. Әрқайсысы бір-бір реформамен келеді. Мектепте үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту. Бізге ұлтты жоюдың программасын жасап бергендей біреулер. Соны біртіндеп іске асырып келе жатырмыз. Мектептеріміз Сәбет одағынан кейін керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Сол кездегі ғылымды сақтай алдық па? Баяғы Ғылым академиясы қайда?

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, жазушы

“Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы”

деген тақырыпта өткен қоғамдық талқылауда сөйлеген сөзінен үзінді.

0
1
615