Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясы тимбилдинг өткізді

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық телекоммуникация Дирекциясының қызметкерлері «Каспий теңізінің қарақшылары» командалық ойынының нұсқасымен қызықты тимбилдинг өткізді.


Тимбилдинг аясында ұжым мүшелері біртұтас команда құруға және корпоративтік рухты көтеруге бағытталған түрлі сайыстар мен ойын бағдарламаларына қатысты.


Қатысушыларға «Телеком» аралындағы «қазына іздеушілер» кейпіне ене отырып, топ жасақтау, жетекші тағайындап, топтың аты мен ұранын ойластыру және «Электр тізбегі», «Сенім үшін», «Жалғыз қолды қарақшы», «Пирамида», «Театр»  бекеттеріндегі қазыналарды табу үшін көптеген кедергілерді жеңіп шығу міндеті қойылды. Өте қиын сынақтардан тек қана бір-бірін қолдап, көмектесе отырып өтуге мүмкіндік болды.


«Біз бүгін үлкен ұйымшыл командамызбен таза ауада, бейресми түрде өте көңілді уақыт өткіздік. Тимбилдингтің барлық сайыстарына қатысып, логикалық және физикалық тапсырмаларынан өттік. Мұндай шаралар ұжымды біріктіруге және ниеттестік пен достық қарым-қатынастарымызды нығайтуға көмектеседі», - деп тимбилдинг қатысушысы коммерциялық директордың орынбасары Раушан Нұрғазиева өз әсерімен бөлісті.


Жарысттарға қатысқан бес команда арасынан «Каспий арландары» тобы жеңімпаз атанды. Ұжым мүшелері үшін аталған демалыс психологиялық тұрғыда сергіп, жаңа күш-қуатпен жұмыс күндеріне араласуға септігін тигізді. Тәжірибелер көрсеткендей, мұндай шараларды өткізу қызметкерлер арасындағы ықпалдастық деңгейін жоғарылатып, алға қойған мақсаттарға жету жолында бір-бірін қолдай білуге дағдыландырады.


Тимбилдинг соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысындағы ерекше тақырыптық киім үлгісі үшін тағайындалған басты сыйлықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инженері Ольга Ромашкина мен сатуды басқару қызметінің мамандары иеленді.


1
0
2924

Осы тақырып бойынша