Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Департаменттің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменттерінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Оразов Сайлау Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйелері және жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары мен «Әдеп кодексін» жан-жақты түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы Бақытбек Олжабаев Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қазақстан-2050» стратегиясындағы елдің өнеркәсіп салаларын индустриялық дамыту, экспорттық бақылау саласы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мен елді индустриялық-инновациялық дамыту және экспорттық бақылау және жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау мәселелеріне тоқталды.
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменттің бас маманы Алмас Тойшыбеков жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттік қызмет туралы» «Әдеп кодекісінің» негізгі бағыттарына жан-жақты түсініктеме берді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің аға офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ескерту жүйесін және құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды азайту мәселелріне тоқталды.
Семинар-кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейне роликтер көрсетілді.
