«Сенің „ЖОҚ“ деуің маңызды»
А.ж. 11 шілдеде Ерейментау аудандық кітапханасында облыстық дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігеміз» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және өз әрекеттерің үшін қоғам алдында жауапты болуға баулу.
Кітапхана қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа күрес-мемлекеттік саясатың басты бағыты» тақырыбында құқық сабағын өткізді. Сабаққа №8 агротехникалық колледждің ІІ курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында жиналғандар тақырыптық әдебиеттерді қарап, пікірлерімен бөлісті.
Жасөспірімдер кітапханасында «Зло на букву «К» тақырыбындағы ақпараттық- танымдық сағат өткізілді. Құқықтық әдебиет бойынша тақырыптық көрменің шолуы өткізілді. Іс-шараның аяғында қатысушыларға «Сенің «ЖОҚ» деуің маңызды» тақырыбындағы буклеттер үлестірілді.
Осы іспеттес іс-шаралар ауданның бірқатар кітапханаларында өтті, бұл шараларға 90 шақты адам қатысты.

