Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Прокуратура органдарына қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы брифинг

Бүгін Бас прокуратурада Кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай мен Департаменттің басқарма аға прокуроры Ғабит Әбдіхалықов бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Брифингте олар прокуратура органдары жүйесіне қызметке іріктеудің жаңа құралдары туралы баяндады.

Сөз сөйлеушілер атап өткендей, жаңашылдықтардың басты мақсаты – іріктеудің сапасын арттыру, кандидаттың тұлғасын терең зерттеу, кадр іріктеудегі субъективтік факторды азайту. Ашық және объективті конкурс ең үздік үмірткерлерді іріктеуге мүмкіндік береді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін іріктеу тетіктері туралы барлық ақпарат ведомстволық сайтқа орналастырылады.

 
0
0
276

Осы тақырып бойынша