«Адал жол-Честный путь» дәстүрлі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына жеті мыңнан астам ақмолалық қатысты
Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Ерейментау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен бастау алған «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Заңгерлік қызметтің басшысы А. Қызкенова мен кадр қызметінің басшысы А. Әлжанова баяндама оқыды.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сұхбат өрбіді, қатысушылар халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлықтың кез-келген түріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға 40 адам қатысты.
Бүгінгі таңда марафон облыстың 7 ауданында өткізілгенін атап өткен жөн (Көкшетау қ., Степногорск қ., сондай-ақ, Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Ақкөл, Шортанды аудандарында). Марафон аясында түрлі бағыттағы 110 мәдени-көпшілік іс-шара өтті (дөңгелек үстелдер – 20, дәрістер – 25, дебаттар– 7, флешмобтар – 5, спорттық іс-шаралар – 11, семинарлар– 7, сурет және шығармашылық байқаулары – 6, автошерулер – 2, сынып сағаттары – 8, акциялар - 5 және басқа іс-шаралар – 14), бұл шараларға 7000-нан астам ақмолалық азамат қатысты.
Марафон аясында өткізіліп отырған іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жарияланады (ақпараттық кеңістікке 40-тан астам жарияланым жарық көрді).
