Ауылдық округ пен шағын қаланың әкімі – атқарушы биліктің маңызды буыны ...
А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов барлық деңгейлердегі әкімдермен және жергілікті полицейлік қызметтің учаскелік инспекторларымен өткен облыстық кеңеске қатысты.
Өңір басшысы С. Кулагин өзінің кіріспе сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығы мерзімі жеткен мәселелерді талдау, оларды шешу жолдарын іздеу, атқарушы биліктің ең маңызды буындарының бірі болып табылатын ауылдық округ пен шағын қала әкімі жұмысының тиімділігін арттыруда екенін кеңеске жиналғандарға түсіндірді.
Қ. Жапақов өзінің «Меритократия, тиімділік және қоғам алдындағы есептілік қағидаларына негізделген заманауи мемлекеттік аппараттың қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамасында меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік принциптеріне негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінің кәсібилендірілуі мемлекеттік басқару және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне тыңдаушылардың назарын аударды. ҚР мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет рөлінің түрлендірілу процестерімен,саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың, мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайландырылуымен тығыз байланысты.
Кеңеске Ақмола облысы әкімінің және барлық деңгейлердегі әкімдердің орынбасарлары, мәслихаттардың хатшылары, қоғамдық кеңестердің басшылары, облыстық басқармалардың және өңірлердегі әкім аппараттарының жетекшілері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, ҰҚК, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 650 адам.
