Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңындағы жаңалықтар түсіндірілді
2016 ж. 26 шілдеде Ақмола облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) бас маманы Қ.Х. Уажановтың қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің қызметкері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына енгізілген негізгі өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібі туралы баяндады.
Семинар барысында қойылған сұрақтардардың бәріне Департамент қызметкері толық жауап берді.
