Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жемқорлық – бұл зұлымдық»

А.ж. 27 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған  «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Аршалы аудандық кітапханасында мемлекеттік органдардың, қоғам  өкілдерінің және жастардың  қатысуымен «Жемқорлық – бұл зұлымдық» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы  түрлі форматтағы іс-шараларды өткізу арқылы сыбайлас жемқорлық мәселесіне қызығушылықты арттыру жолымен қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру.

Іс-шара «Ашық микрофон» түрінде өтті.

Іс-шара барысында «Аршалы ауданының әкім аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С.Есеңғартоваға көптеген сұрақтар қойылып, көкейге қонымды жауаптар алынды. Конференцияның аяғында  «Сыбайлас жемқорлыққа «жоқ»  деуіміз керек» бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шараға шамамен 23 адам қатысты.

 
0
0
434

Осы тақырып бойынша

«Жемқорлық – бұл зұлымдық» - Yvision.kz