Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда

А.ж.  25-26 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен  Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған  «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!»   жастар ақпараттық-насихаттық тобы   Қорғалжын және Егіндікөл аудандарында     сұхбаттасу  алаңдарын өткізді.

Іс-шаралар Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша өткізілді.

Мобильді топ құрамында – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сая Беккажанова, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары - Сымбат Үсен, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі кеңесшісі – Құндыз Бекмағамбетова.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының қоғам алдына қойған міндеттерді шешуге ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында қол жеткізген көрсеткіштер мен жетістіктер жөнінде толық мәлімет алды.

Екі күн ішінде мобильді топ аудандардың 100-ден астам адамды қамтыған 6 аудиториясында дәріс өткізді.

Бұдан бұрын мобильді топ облыстың Бурабай, Еңбекшілдер, Бұланды, Шортанды, Ақкөл аудандарына және Степногорск қаласына  барып, 500-ден астам адамның қамтылуымен 36 аудиторияда жұмыс жүргізген болатын.

       
0
0
386

Осы тақырып бойынша

Мобильді ақпараттық-насихаттық топтардың Ақмола облысының өңірлеріндегі жұмысы жалғасуда - Yvision.kz