Азаматтарды қабылдау жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арасында жасалған меморандум аясында әр апта сайын, сейсенбі күндері 16:00 сағаттан 17:00 сағатқа дейін Департамент қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметті көрсету сапасы мәселелері бойынша мына мекенжайда азаматтарды қабылдау жүргізіледі : Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96-үй, Ақмола облысы бойынша ХҚКО департаментінің №2 бөлімі.
Сонымен қатар, әр апта сайын, сәрсенбі күндері 16:00 сағаттан 17:00 сағатқа дейін «Skype» бейнеқосымшасы арқылы «қоғамдық қабылдау» жүргізіледі. Біздің логин: anticor-con-akm.
Барлық мәселелер бойынша 29-64-63, 29-64-45, 29-64-00 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Баршаңызды белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды танытуға және халықтың жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке қол жеткізуіне үлес қосуға шақырамыз!
