Әдеп жөніндегі өкілдің рөлі талқылануда
2016 жылдың 29 шілдеде Орал қаласы әкімдігінде қала әкімі аппаратының басшысы С.Р.Нуртазиевтің төрағалығымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Мұратов, Әдеп жөніндегі өкілі А.Ж.Жалмағамбетов, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ә.Ө.Салиева, кенттік округ әкімдері, қалалық бөлім басшылары мен мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Мұратов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі, Заңға сай қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары туралы және БҚО бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте ағымдағы жылғы атқарылған істердің статистикалық есебін жан-жақты баяндады. Жиын соңында қатысушылар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар қайтарылды.
