«FIFA-2016» ойындары Павлодарда өтті
Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы және «Brooklyn» клубымен бірлесе қайырымдылық акциясын өткізді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен қызықты «FIFA-2016» футбол ойындарының турнирінің куәсі болдық.

Ойыншылар атақты «Реал Мадрид» және «Барселона» командаларына бөлініп, екі адамнан жарысқа түсті.
Жарыс қортындысына келсек: І-ші орынды Капиятов Карим алса, ІІ-ші орын Суятан Дариғаға бұйырды. ІІІ-ші орынды Феоктистов Адам қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Осындай іс-шараларға «Brooklyn» клубының директоры Асхат Тусупов әрқашан клубтың есігі ашық екенін жеткізді.
