Мазмұнға өту

Жаңа

«Бизнес тірегі» жобасы бойынша Мақтарал ауданында 5 кәсіпкерден заңсыз тексеріс туралы хабар түскен — Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын 5 кәсіпкерден Мақтарал АІІБ-сі және нөмірі 2-ші ПБ-нің қызметкерлерінің үстінен заңсыз тексеру жүргізгендігі туралы хабар түскен» - дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады.


Айта кетейік, аталған хабар Мақтарал аудандық прокуратурасында құрылған Кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдау үшін тұрақты жұмыс жасайтын мобильдік топқа жолданған. Аудандық прокуратура дәл осы мобильдік топпен тексеру жүргізу барысында аталған 5 кәсіпкердің қызметіне ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айларының аралығында Мақтарал АІІБ-сі және 2-ші ПБ-нің УПИ қызметкерлері тексеру жүргізгендігін анықтады.

«Мақтарал АІІБ-сі және 2-ші ПБ-нің УПИ қызметкерлері Мақтарал ауданы Атакент кенті Ибраев көшесінің бойында сауда жасаған жеке кәсіпкер Мырзатаев Қалдан Әмірұлына қатысты белгіленбеген орында сауда-саттық жасағаны үшін ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сол күні ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылдаған. Прокурорлық тексеру нәтижесі бойынша, полиция қызметкерлерімен ҚР-ның «ҚР-ғы жергілікті мемлекетті және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «ҚР-ғы Кәсіпкерлік кодексі» және ҚР Конституциясының талаптары өрескел бұзылғандығы анықталып, жеке кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарына қайшы қабылданған қаулылардың күшін жою туралы наразылық енгізілді және кәсіпкерлердің өз ісімен айналысу еркіндігіне қатысты құқығы қорғалды» - дейді Қанат Қабырбаев.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
1061

Мақтарал ауданының кәсіпкерлері «Бизнес тірегі» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады – Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданының кәсіпкерлері «Бизнес тірегі» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады» – дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады.


15 жыл бойы сәтті қызмет етіп келе жатқан Бизнес субьектілерінің тексерістерін тексеру институты өз тиімділігін күн сайын арттыруда. Тексерістерді тіркеудің заманауи жүйесі мемлекеттік орган актісіндегі жай ғана штамп емес, өкілетті прокурордың тексерістің негізді әрі заңды екенін растау болып табылады. Заманауи инновациялық технологиялардың дамуының арқасында прокуратура органдары тіркеудің электронды нұсқасына толықтай өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер арасында кең таралған прокуратура органдарының «Бизнес тірегі» атты маңызды жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін кәсіпкер «Servist.pravstat.kz» сайтына кіріп, «Бизнес тірегі» модуліне өтіп, 14 санды тексерісті тіркеу нөміріне теру арқылы мұндай тексерістің заңды екендігіне және прокуратура органдарында тіркеу нөмірін алғандығына көз жеткізуге болады.

«Бизнес тірегі» инновациялық жобасы тексеруші тарапынан бұзақылықтың орын алғандығын дәл тексеріс кезінде хабарлауға мүмкіндік береді. Мұндай хабарлама келіп түскен жағдайда прокуратураның жедел тобы бірден сол жерге барып, тиісінше әрекет етеді. Онлайн режимдегі байланыстың мұндай түрі прокуратура жұмысының тиімділігін анағұрлым арттырып, кәсіпкерлердің бізге деген сенімін күшейтеді» - дейді Қанат Қабырбаев.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
1323

«Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жарияланады

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет номинациялар бойынша берiледi.

Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет.

Сыйлық бір уақытта бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.

Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi.

Орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де заңды тұлғалар уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды: қолдаухат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтаманы қағаз және электрондық түрде жібереді.

Комиссияның спектакльдердi, кино және телефильмдердi, көрмелердi қарауын, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауын, ізденушінің қызметімен танысуын ұйымдастыру ұсынушы ұйымдарға жүктеледi.

Сыйлық беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметі оны қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.

Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi

Ізденушілердің жоғарыда аталған құжаттары 2016 жылғы 10 қыркүйегіне дейін қағаз және электрондық түрде Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ломов көшесі 38, 203 каб., тел. 66-09-11, [email protected].

     
0
0
653

«Адал жол – Честный путь» марафонының құрметіне ұйымдастырылған концерт

2016 жылғы 10 тамызда Целиноград ауданында екі апта бойы өткен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның соңында орталық спорт алаңында үлкен қорытынды концерт өтті.

Аталған  іс-шараға  білім, денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметшілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің  қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға балабақша балаларының велошеруі, сонымен қатар,  «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» флеш-мобы  ұйымдастырылды.

Республикалық «Қазақстан дауысы»  байқауының жеңімпазы Мұратбек Хайролда  іс-шараға қонақ ретінде қатысты.

Іс-шараға 120 адам қатысты.

0
0
357

Бас Прокурордың АҚШ елшісімен кездесуі туралы

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-aksh-elshisimen-kezdesui-turaly





0
0
490

Облыстық педогогикалық тамыз кеңесі

2016 жылдың 10 тамызы күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінің ғимаратында «Білімді ел - Мәңгі ел» облыстық педогогикалық тамыз кеңесінің аясында «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жамыту жолдары»  тақырыбында техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының секция отырысы өтті.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.

 
0
0
392

Құрметті жастар!

Өзіңізді белсеңді, мақсатына жете білетін, бәсекеге қабілетті, елінің болашағы үшін тер төгуге дайын жас азамат деп санасаңыз, Сізді облыс әкімі жанындағы Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес құрамына мүше болуға шақырамыз.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде өткен Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес отырысында облыс әкімі Бақауов Б.Ж. берген тапсырмасын орындау негізінде, Павлодар облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Кеңес құрамына мүшелікке іріктеуге өтінім қабылдауда.

Өзіңіздің жұмыс тәжірибиеңіз, жетістіктеріңіз көрсетілген (ұсынымға сай) деректеріңіз бен резюмеңізді [email protected] электрондық мекен-жайына жіберіңізді. Өтніш а.ж. 20 тамызына дейін қабылданады.

Қосымша

Қосымша ақпаратты алу үшін келесі нөмір

арқылы хабарласыңыздар: 66-09-06

0
0
783

Алау жанындағы әңгіме

А.ж. 10 тамызда Целиноград ауданы Қараөткел ауылының жастары «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде алау жанына жиналып, әңгімелесті. Алау жанына жиналған жастар сыбайлас жемқорлықтың заңның, демократия мен адам құқықтарының  үстемдігіне кедергі келтіретіндігі, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын бұзып, бәсекелестік талаптарына нұқсан келтіретіні, экономикалық дамуды бәсеңдетуі және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамның моральдық негіздеріне  қауіп төндіретіні жөнінде әңгіме-дүкен құрды.

Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры С. Мусина «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюіне байланысты дүние жүзінде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Көптеген мемлекеттердің алдында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Жемқорлықпен күресудің әдіс-тәсілдері?», «Жемқорлықты  қалай жеңуге болады?» деген сұрақтар туындады», - деп атап өтті.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

0
0
1098

Мақтарал ауданында Абай Құнанбаевтың шығармалары насихатталды

Кеше Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 171 жылдығына орай және «Абай поэзиясы күніне» арналып Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Абай гүлзарында мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеште Ұлы ақынның әндері шырқалып, іс-шараға жиналған Жетісайдың тұрғындары мен қонақтары ақынның поэзиясымен сусындады. Сонымен қатар, «Абай тағлымы – халық даналығы» деген атпен кітаптар көрмесі өтті. Абай Құнанбаевтың даналық сөздерін, айтқан өсиеттерін еске алған жұртшылық және жаңадан үйленіп жатқан жас жұбайлар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
1338