Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті жастар!

Өзіңізді белсеңді, мақсатына жете білетін, бәсекеге қабілетті, елінің болашағы үшін тер төгуге дайын жас азамат деп санасаңыз, Сізді облыс әкімі жанындағы Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес құрамына мүше болуға шақырамыз.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде өткен Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес отырысында облыс әкімі Бақауов Б.Ж. берген тапсырмасын орындау негізінде, Павлодар облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Кеңес құрамына мүшелікке іріктеуге өтінім қабылдауда.

Өзіңіздің жұмыс тәжірибиеңіз, жетістіктеріңіз көрсетілген (ұсынымға сай) деректеріңіз бен резюмеңізді [email protected] электрондық мекен-жайына жіберіңізді. Өтніш а.ж. 20 тамызына дейін қабылданады.

Қосымша

Қосымша ақпаратты алу үшін келесі нөмір

арқылы хабарласыңыздар: 66-09-06

0
0
733

Осы тақырып бойынша

Құрметті жастар! - Yvision.kz