«Адал жол – Честный путь» марафонының құрметіне ұйымдастырылған концерт
2016 жылғы 10 тамызда Целиноград ауданында екі апта бойы өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның соңында орталық спорт алаңында үлкен қорытынды концерт өтті.
Аталған іс-шараға білім, денсаулық сақтау бөлімдерінің қызметшілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонға балабақша балаларының велошеруі, сонымен қатар, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» флеш-мобы ұйымдастырылды.
Республикалық «Қазақстан дауысы» байқауының жеңімпазы Мұратбек Хайролда іс-шараға қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараға 120 адам қатысты.
