Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнес тірегі» жобасы бойынша Мақтарал ауданында 5 кәсіпкерден заңсыз тексеріс туралы хабар түскен — Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын 5 кәсіпкерден Мақтарал АІІБ-сі және нөмірі 2-ші ПБ-нің қызметкерлерінің үстінен заңсыз тексеру жүргізгендігі туралы хабар түскен» - дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады.


Айта кетейік, аталған хабар Мақтарал аудандық прокуратурасында құрылған Кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды қабылдау үшін тұрақты жұмыс жасайтын мобильдік топқа жолданған. Аудандық прокуратура дәл осы мобильдік топпен тексеру жүргізу барысында аталған 5 кәсіпкердің қызметіне ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айларының аралығында Мақтарал АІІБ-сі және 2-ші ПБ-нің УПИ қызметкерлері тексеру жүргізгендігін анықтады.

«Мақтарал АІІБ-сі және 2-ші ПБ-нің УПИ қызметкерлері Мақтарал ауданы Атакент кенті Ибраев көшесінің бойында сауда жасаған жеке кәсіпкер Мырзатаев Қалдан Әмірұлына қатысты белгіленбеген орында сауда-саттық жасағаны үшін ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сол күні ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылдаған. Прокурорлық тексеру нәтижесі бойынша, полиция қызметкерлерімен ҚР-ның «ҚР-ғы жергілікті мемлекетті және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «ҚР-ғы Кәсіпкерлік кодексі» және ҚР Конституциясының талаптары өрескел бұзылғандығы анықталып, жеке кәсіпкерлерге қатысты заң талаптарына қайшы қабылданған қаулылардың күшін жою туралы наразылық енгізілді және кәсіпкерлердің өз ісімен айналысу еркіндігіне қатысты құқығы қорғалды» - дейді Қанат Қабырбаев.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
1015

Осы тақырып бойынша

«Бизнес тірегі» жобасы бойынша Мақтарал ауданында 5 кәсіпкерден заңсыз тексеріс туралы хабар түскен — Қанат Қабырбаев - Yvision.kz