Мазмұнға өту

Жаңа

Жеңіл өнеркәсіптің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (Бұдан әрі - Департамент) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және 2016 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген ҚР заңдарын насихаттау мақсатында «Қағаз зауыты» ЖШС-нің (Бұдан әрі – Қағаз зауыты) басшылығы және қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заңдарының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Қағаз зауытының қаржы директоры Жанар Қанатова сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және кәсіп саласындағы әкімшілік тосқауылдарды жою бағытында кәсіпорынмен атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар етті.

0
0
433

Пенитенциарлық жүйесінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті(бұдан әрі Департамент)  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару комитетімен (бұдан әрі ҚР ІІМ ҚАЖК) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескерту тетіктерін талқылауға арналған  семинар – кеңес өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру тетіктерін, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, бес институционалдық реформа аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының сақталуы талаптары мен ҚР қылмыстық кодексінің іске асыру тетіктерін түсіндірді.

ҚР ҚАЖҚ ЛА-155/ мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Юлия Руденко, мекемеде жүйелі түрде семинарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда құқықтық оқулары өткізіледі және жыл сайын мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуден сынақ тапсырады деп атап өтті.

Мекеменің контенгенті кәмелетке толмаған балалар болғандықтан, жастардың болашақтағы өмірге дағдылануына ерекше назар аударылады.  Олар патриоттық тәрбие алып, қазіргі кездегі сұранысқа ие мамандықтарына сәйкес білім алуда.

Осыған ұқсас іс-шаралар Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің барлық құрылымдарында өтті.

Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейне роликтер көрсетілді.

0
0
300

Қоғамдық қабылдау өтті

Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Әуезов аудандық бөлімінің ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті  мен Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаменті өкілдері жүргізді.

Қала тұрғындарының Мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысты барлық сұрақтарына Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Өксікбаев Оразхан Нұртайұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаментінің бас маманы Игіліков Елнар Тоқтабайұлы жауап берді.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта  өтіп тұрады.

0
0
656

«Алматыкітап баспасы» ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексін» түсіндіру мақсатында «Алматыкітап баспасы» ЖШС-да (Бұдан әрі – Серіктестік) семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен Қылмыстық кодексінің іске асыру тетіктерін атап, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларының тәртібі жөнінде айтып өтті.

Мекеменің Бірінші Вице-президенті Татьяна Шакилова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру және кәсіп саласында әкімшілік тосқауылдарды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабар етіп, мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету және ҚР Заңның талабына сай бірінші басшылармен азаматтарды жеке қабылдау туралы мәселелерді көтерді.

Іс-шара сұрақ – жауап форматында өтті.

0
0
542

Коллектив «Алматыкітап баспасы» против коррупции

Cотрудниками Департамента Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан по городу Алматы (Далее - Департамент) с целью разъяснения Антикоррупционной стратегии РК на 2015-2025 годы, Законов РК «О государственной службе», «О противодействии коррупции», «О доступе к информации» и «Этического кодекса» проведен семинар-совещание в ТОО «Алматыкітап баспасы» (Далее – Предприятия).

Руководитель Управления профилактики коррупции Департамента Максатхан Анапин проинформировал о миханизмах реализации Антикоррупционной стратегии РК на 2015-2025 годы, Плана нации «100 конкретных шагов», законов РК «О государственной службе», «О противодействии коррупции», Уголовного кодекса РК, правил поощрения лиц сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в противодействии коррупции.

Первый Вице-президент Предприятия, Татьяна Шакилова рассказав о работе, направленной на реализацию Антикоррупционной стратегии и устранения административных барьеров в предпринимательской среде, указала на ряд постановочных вопросов, в том числе о необходимости повышения прозрачности работы и обеспечения требования законодательства РК по осуществлению первыми руководителями личного приема граждан.

Мероприятие прошло в формате вопросы – ответы.

0
0
318

«Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік әдеп ережелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Жиынға қалалық жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының, ҮЕҰ, бизнес және академиялық қауымдастық өкілдерінің  және Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының тыңдаушылары қатысты.

Департамент басшысы Бақтияр Камалов конференцияға қатысушылардың назарына жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекееттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен «Әдеп жөніндегі кодекстің» ерекшелігі мен Алматы қаласының 81 мемлекеттік органдарына қатысты жыл басынан Елбасының мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді жүзеге асырудың басталғандығын хабардар етті.  Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық моделге көшудің құқықтық негізін түсіндірді.  Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар  кәсіби лауазымдық қызметін тек қана төменнен бастайтындығына  тоқталды.

Департамент  құрылғаннан бері Алматы қаласының жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметкерлері үшін  99  ішкі конкурс  оның ішінде, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлер үшін 75 ішкі конкурс және 119  жалпы конкурс өткізілгенін  және жаңа қабылданған қызметкерлер үшін 3 айдан 6 айға дейінгі сынақ мерзімі енгізілгенін мәлімдеді.

Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Әбікен Тоқтыбеков  мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің негізгі принциптері мен қызметтік этиканың тәртібі және алдыңғы қатарлы шет елдердің оң методологияларын қатысушыларға жан-жақты түсіндірді.

Конференция барысында  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті – Жанділдә Жақыпов «Мемлекеттік қызметшілерге қойылар заман талаптары», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының профессоры – Михаил Лукьяненко «Мемлекеттік қызметшілердің аппараттық құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директорының орынбасары, профессор – Виктор Стремский  «Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін және этикасын қалыптастыру механизмі», Алматы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының  доценті – Әбіләзиз Исаев  «Мемлекеттік қызметшілерді діни оқытудың қажеттілігі туралы» тақырыптарда баяндамалар жасады.

Конференция бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сұрақ-жауап форматында өткізілді.

0
0
718

«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіөзгерістер енгізілген кейбір заң актілері (конкурстық рәсімдерге қатысты) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен  бекітілген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын түсіндіру туралы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске  Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің (кадрлық қызмет) өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Данияров Генадий Гожахметович өткізді.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. – Досымбек Марат Бахытұлы, департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас мамандары -  Байдаулетов Марат Алдиярұлы және Күлбаева Жанар Арынқызысөз сөйледі.

0
0
466

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен Алматы қаласының әкімдігі бірлесе отырып, Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерлан Дүйсенбекұлы Жайлаубайдың,   Департаменттің мемлекеттік қызметті бақылау басқармасының басшысы Ермек Мырзаханұлы Кәрімовтің, әдеп жөніндегі  кеңес мүшелерінің, жергілікті атқарушы және аумақтық органдары басшыларының, кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметкерлері мен  бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдің  рөлі» тақырыбында семинар-кеңесі өткізді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының  басшысы Мақсатхан Анапин кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатындағы 12 қадамды жүзеге асыру  мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  аясында Қазақстан мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының этикалық кодексі, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ететін  әдеп ережелері 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілгенін   атап өтті.

Әдеп кодексін тиімді практикалық қолдау тетіктерінің бірі   «Әдеп уәкілі»  лауазымы болып табылады. Азаматтардың әлеуетті мүдделер қақтығыстары немесе басқа да этикалық проблемалары туындаған жағдайда консультация алады, - деді баяндамашы.

Алматы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті,  әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Виктор Ямбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік аппараттың кәсібилендіруіне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Жоспарланған іс-шаралардың шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп жөніндегі жаңа кодексі басты компонент ретінде қызмет атқарады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы   мүлдем төзбеушілік пен  мемлекеттік басқарудың сапалы модельдерін құру жолын ашатын мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлімдеді. Баяндамашы «Этика уәкілі» негізгі қызметінен босатылып, осы саладағы    маңызды кәсіби қызметпен айналысу қажеттігін ұсынды.

Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Бәтима Алиярова бүгінде   Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік қызметтің өзіндік моделінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін арналғандығын және олардың заңнамасы мен нормативтік-құқықтық базасы бар кәсіби әкімшілік персоналдың ұйымдасқан жүйесі болып табылатындығын атап өтті. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін бағалауды жүзеге асыру әдістемесі мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы мен қоғамға қызмет   үшін  маңызды екеніндігіне тоқталды.

Алматы қаласының әкімінің аппарат басшысының орынбасары - Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ерлан Дүйсенбекұлы Жайлаубай мемлекеттік қызметте  әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ережелеріне сәйкес сенімді қамтамасыз ету үшін  әдеп уәкілдерінің негізгі функцияларын, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының  Әдеп  кодексіне сәйкес жұртшылықпен ашықтығын және өзара іс-қимылды анықтап берді.

Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

0
0
574

«Денсаулық жолы — 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 5 облыстың шалғай аудандарына барады

15-21 тамыз аралығында «Денсаулық жолы - 2016» республикалық акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай - ЖМК) Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының шалғай аудандарына барады.

Аталған күндері ЖМК Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Арал, Сырдария аудандарының Тоқмағамбетов, «Бөген», «Еңбек», Бекежанов дәрігерлік амбулаторияларына барады. Мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

15-16 тамыз күндері Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп,  окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, кардиолог және педиатр мамандарының кеңесін алатын болады.

16 тамызда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезде анықтап, оларды әрі қарай диспансерлік бақылау мен сауықтыру мақсатында Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Калинино және Лесное ауылдарының тұрғындарына бейінді мамандар бригадасы консультация береді.

16-17 тамыз күндері Павлодар облысы Лебяжі ауданы Малыбай, Қазы ауылдарының  тұрғындарын терапевт, педиатр, окулист, отоларинголог, гинеколог, стоматолог дәрігерлер, сондай-ақ, рентген-кабинеттер және клиникалық зертхана мамандары тексеретін болады.

17 тамызда жылжымалы медициналық кешендер Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Теректі ауылына барады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.

 
0
0
382

В рамках акции «Денсаулық жолы – 2016» передвижные медкомплексы выедут в отдаленные аулы пяти областей

В рамках республиканской акции «Денсаулық жолы – 2016» с 15 по 21 августа передвижные медицинские комплексы (далее - ПМК) выедут в отдаленные сельские округа Восточно-Казахстанской, Костанайской, Павлодарской, Кызылординской, Мангистауской областей.

В эти дни ПМК посетят врачебные амбулатории Бекежанова, «Енбек», «Боген», Токмаганбетова Шиелинского, Жалагашского, Аральского и Сырдарьинского районов Қызылординской области. В состав мобильных медицинских бригад войдут специалисты терапевтической, кардиологической, эндокринологической, онкологической служб и регионального центра формирования здорового образа жизни.

Жители города Жанаозен и села Сенек Каракиянского района Мангистауской области с 15 по 16 августа смогут бесплатно пройти скрининговый осмотр и получить консультации окулиста, офтальмолога, терапевта, пульмонолога, кардиолога и педиатра.

16 августа бригада узких специалистов проведут консультации и профилактические осмотры жителей сел Калинино и Лесное Камыстинского и Аулиекольского районов  Костанайской области с целью раннего выявления социально-значимых заболеваний с последующим диспансерным наблюдением и оздоровлением.

16-17 августа жителям сел Малыбай, Казы Лебяжинского района Павлодарской области будет оказана консультативная помощь терапевтом, педиатром, окулистом, отоларингологом, гинекологом, стоматологом, специалистами рентген-кабинетов и клинической лаборатории.

17 августа передвижные медицинские комплексы выедут в село Теректы  Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области.

Напомним, с 1 июля по 31 августа текущего года по всей республике проходит широкомасштабная акция «Денсаулық жолы – 2016», целью которой является оказание информационно-образовательной и практической помощи сельскому населению в вопросах формирования здорового образа жизни и профилактики различных заболеваний.

 
0
0
378