Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданында Абай Құнанбаевтың шығармалары насихатталды

Кеше Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 171 жылдығына орай және «Абай поэзиясы күніне» арналып Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Абай гүлзарында мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеште Ұлы ақынның әндері шырқалып, іс-шараға жиналған Жетісайдың тұрғындары мен қонақтары ақынның поэзиясымен сусындады. Сонымен қатар, «Абай тағлымы – халық даналығы» деген атпен кітаптар көрмесі өтті. Абай Құнанбаевтың даналық сөздерін, айтқан өсиеттерін еске алған жұртшылық және жаңадан үйленіп жатқан жас жұбайлар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
1302

Осы тақырып бойынша

Мақтарал ауданында Абай Құнанбаевтың шығармалары насихатталды - Yvision.kz