Мазмұнға өту

Жаңа

Жемқорлықсыз болашақ

А.ж. 4 тамызда Целиноград ауданының Қараөткел ауылында «Адал жол- Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шеңберінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында №2 орта мектептің ұжымымен және жастармен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамның мемлекет институттарына сенімін, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Дөңгелек үстелдің соңында Қараөткел ауылдық округінің әкімі А. Қонбай сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жөніндегі өз пікірін айтты.  

0
0
1185

Облыс өңірлерінде түсіндіру жұмыстары жалғасуда

А.ж. 2-3 тамыз күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық- насихаттық тобы (ЖАНТ) облысымыздың Астрахан және Целиноград аудандарына барды. Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудан жастарының кездесулері өтті. Іс-шараларға ауылдық округтердің әкімдері, аудандардың жас мемлекеттік қызметшілері, кәсіпкерлер,…

0
0
245

2016 жылдың басынан бастап Қазақстанға 15 мыңға жуық оралман келді

2016 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сәйкес республикаға 6840 отбасы немесе 14 947 этникалық қазақ көшіп келіп, оралман мәртебесін алды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 66,7% - Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 23,6% - Қытайдан, 4,2% - Түрікменстаннан, 2,4% - Моңғолиядан және 3,1% - өзге елдерден оралған қандастарымыз. Оралмандардың басым бөлігі Алматы облысына– 2364 отбасы (4729 адам), Оңтүстік Қазақстан облысына – 1572 отбасы (3044 адам), Маңғыстау облысына– 506 отбасы (2311 отбасы), Жамбыл облысына – 620 отбасы (1254 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 369 отбасы (778 адам), Акмола облысына – 272 отбасы (571 адам), Карағанды облысына – 221 отбасы (431 адам), Қостанай облысына– 154 отбасы (296 адам), Ақтөбе облысына– 51 отбасы (237 адам), Павлодар облысына– 90 отбасы (231 а…

0
0
591

«Время» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасымен сұхбаттың жалғасы жарияланды

«Время» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сот жүйесі қызметінің өзекті мәселелері туралы сұхбатының жалғасы жарияланды. Күші жойылған және өзгертілген үкімдердің саны туралы айта келе, Қ.Мәми: «Жоғарғы Сот статистика үшін жұмыс істемейді, сот үкімдері мен шешімдерінің күшін жою, өзгерту жөніндегі көрсеткіштер әлдеқашан аудандық және облыстық соттар қызметін бағалаудың критерийлері болып табылмайды», - деді. Ол сұхбатта бірыңғай сот практикасын қалыптастыру және сот отырысындағы жариялылықтың шегі туралы да ойларымен бөлісті. «Время» газеті журналисінің ипотека ресімдеген азаматтар мен екінші деңгейлі банктер арасындағы даулы істер қатарының артуына қатысты сұрағына орай Қ.Мәми бұл мәселенің себебін қолданыстағы заңнамада кездесетін қайшылықтармен байланыстырд…

5
5
688

Үш тілде білім беру туралы...

Құрметті оқырман, болашақта мұғалімдерді дәрістерін ағылшынша өткізуді міндеттеу туралы шағын мәтін қалдырып кетсем. Қазіргі таңда, ауылдық мектептерді қоспағанда, қалалық мектептерде ағылшын тілін өте жоғары деңгейде меңгеріп шығатын оқушылар саусақпен санарлықтай. Олар ең жоғары лауазымды мектептерден (КТЛ, НИШ, РФМШ, Дарын) білім алушылар. Оларға үкімет ерекше көзқараспен зейін салып, басқару білім беру жүйелеріне зейін салып назар аударып тұрады. Ол мектептердің өзінде ағылшын тілін өте мықты деңгейде меңгеріп шығатындар аса көп болмайды.Осы ақпарат нүктесіне жүгіне отырып қалай бүкіл Қазақстан мектептерін толықтай ағылшын тіліне көшіре аламыз деген сұрақ туындайды. Қазіргі таңда өз қаншама тіл үйрену және сол ағылшын тілінде сабақ беруге мүмкіншілігі бар адамдар саны да қаншама? Расы…

1
2
992

Ұлттық Біріңғай Тестілеу

Жыл сайын мыңдаған түлектер мектеп қабырғасын тастап болашақ мамандықтарын игеруге жоғарғы оқу орындарына білім мен ілім қуып барады. Бірақ бұл барлық мектеп бітірушілердің қолынан келе бермейді себебі оларды іріктеруге салатын ұлттық біріңғай тестілеуден (ҰБТ) өтулері тиіс. ҰБТ емтиханы міндетті 4 пәнен және сынақтан өтушінің профильдік пәні бойынша өтеді. Емтихан 125 сұрақтан тұрады және оның 100-і аттестатқа таза жинақ ретінде есептеледі. Ал қалған 25-і оқушының тілдік тобына сәйкес аттестат бағасы үшін қолданылады. Яғни қазақ тобында оқитындарға бұл орыс тілі болса сәйкесінше орыс топтарына қазақ тілі болады. Қазіргі таңда ҰБТ-ға байланысты пікірталстар орын алуда себебі білім министрлігі тестілеудің жаңа жобасын ұйымдастыруда. Сонда да бұл оқушының бұл туралы толғануы керек емес екен…

1
0
681

Кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның негіздері түсіндірілді

А.ж. 3 тамызында Целиноград ауданының Акмол ауылында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Адал жол – Честный путь сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының аясында «Сыбайлас жемқорлықты бірге женейік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақстандықтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін насихаттау мемлекеттік саясаттың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ұсыныстарын әзірлеу, жоғары моральдық - этикалық нормалар мен құндылықтарды ілгерілету қағидаттарын адал бәсекелестік және Отанға адал қызмет ету ықпалын өсіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру процесіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстелге Целиноград ауданының кәсіпкерлік жане өнеркәсіп бөлімінің басшысы және мамандары,…

0
0
326

Жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған шаралар. «Адал жол-Таза болашақ» Мәншүк ауылдық округі

Мәншүк ауылдық округінің әкімі А.Омарова басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1-тамыз Адал жол- Таза болашақ марафоны велосипед жарысы өтті. «Таза болашақ Қазақстан біздің қолымызда» Ауыл ақсақалдары мен жастары арасында.

Келесі іс-шара Мәншүк ауылдық стадионында өтті. Аудандық спорт бөлімінен, Қуандыков Н.Т-ың басшылығы және Мәдениет үйі бөлімінің басшысы А.Суюнжанова. Осы кісілердің басшылығымен үлкендерімізбен жас ұрпақтарымыз екі топқа бөлініп волейбол ойнады. Бұл ойында үлкендер тобы жеңіске ие болды. Спорт бөлімінің басшысы Н.Қуандықов. Қоғамдық ұйымының төрағасы  Рысбеков Т.Р ұлына мадақтама қағазы мен кубок ұсынды.

Мәншүк ауылының аймағында жас ұрпақтарымызбен ақсақалдарымыз орталық аумақпен балалар алаңына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

0
0
419

Қабанбай батыр ауылдық округінде «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті

2 тамыз күні Қабанбай батыр ауылында «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адал жол – Честный путь» марафонының аудандық жоспарын жүзеген асыру мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықпен күресуге және оның алдын алуға бағытталған іс-шараларға пәрменді түрде қатысу, құқық қорғау органдарының жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қоюға бағытталған іс-әрекеттеріне қолдау көрсету, атқарушы билік тармақтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысын нығайта отырып, жемқорлықпен күресті одан әрі жандандыру, жастардың бойында жемқорлық әрекеттерге деген төзімсіздік қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі шешімдер қабылданды. Іс-шараның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы слайд…

0
0
637

Целиноград ауданының жастары арасында футболдан жарыс өтті

Ағымдағы жылдың 1 тамызында «Жас отан» жастар қанатының қолдауымен «Адал жол – Честный путь» марафоны  шенберінде Новоишимка, Семеновка, Мортық, Родина ауылдарының жастары арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс Новоишимка ауылының футбол алаңында өткізілді.

Турнирді  ауыл әкімі салауатты өмір салты, оның жастар өміріндегі маңызы туралы сөзімен ашып берді. Демеушілерге алғысын білдірді.

1-ші орынға Новоишимка командасы,  2-ші орынға Семеновка, 3-ші орынға Мортық командасы ие болды.

Жеңімпаздарға «Ауыл әкімінің кубогі», барлық команда мүшелеріне медальдар, сондай-ақ «Үздік гол», «Үздік голкипер» номинациялары бойынша сыйлықтар табысталды.

Шараға  40 адам қатысты.

0
0
431