Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық педогогикалық тамыз кеңесі

2016 жылдың 10 тамызы күні Орал «Сервис» технологиялық колледжінің ғимаратында «Білімді ел - Мәңгі ел» облыстық педогогикалық тамыз кеңесінің аясында «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жамыту жолдары»  тақырыбында техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының секция отырысы өтті.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Т.Төлепқалиев қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.

 
0
0
348

Осы тақырып бойынша