Алау жанындағы әңгіме
А.ж. 10 тамызда Целиноград ауданы Қараөткел ауылының жастары «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде алау жанына жиналып, әңгімелесті. Алау жанына жиналған жастар сыбайлас жемқорлықтың заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне кедергі келтіретіндігі, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын бұзып, бәсекелестік талаптарына нұқсан келтіретіні, экономикалық дамуды бәсеңдетуі және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамның моральдық негіздеріне қауіп төндіретіні жөнінде әңгіме-дүкен құрды.
Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры С. Мусина «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюіне байланысты дүние жүзінде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Көптеген мемлекеттердің алдында «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «Жемқорлықпен күресудің әдіс-тәсілдері?», «Жемқорлықты қалай жеңуге болады?» деген сұрақтар туындады», - деп атап өтті.
Іс-шараға 40 адам қатысты.

