Мазмұнға өту

Жаңа

The mister Balandyn as a Koblandy, немесе Баландының баласына Бес плюс.

Біздің болашақ қойыртпақ тілмен айтқанда.

The mister Balandyn as a Koblandy, немесе Баландының баласына Бес  плюс.

Қобланды келеді сайменен

Жауға тиер жайменен, -демекші Баланының баласы да жаймен жүзіп келіп, жүзіп келіп, кенеттен жүйткіп жүзіп кеткенде, қарсыластары сегізінші жолдағыны байқамай қалып, «қап» , - деп қапыда қалды.

Заранее нужно готовиться к трехязычию. Вы не удивляйтесь скорее всего в будущем мы будем и писать и разговаривать примерно так.

Жил когда то знаменитый кара Кипчак Кобланды, по русский скиф или половец, который не спеша, скача по логам да по лугам наносил врагам сокрушительный удар. Так и наш теперь знаменитый атлет господин Баландин или Баландынын баласы по казахский, совершил свой знаменитый заплыв, затмив всех и вся. Взяв с восьмой дорожки Золото.  Уже не важно кто был фаворитом, может Лох лоханулся, может за бортом Фелпс, кричал «хелп, хелп», но когда с далекой Казахстанской степи молодой человек сказал всем после заплыва : nice to meet you gays, все другие атлеты от удивления в рот воды набрали и не могли выразить ни одно вразумительное слово. Это было нечто. Сенсация.

Баландынын баласы да ещё мамасы в Рио были наверное самыми счастливыми людьми. И конечно весь Казахстан наверное осушили целый бассейн шампанского. Даже мы в далекой Канаде от радости выпили бутылку вина, несмотря на будний день…

Очень рад за Ни-команду. Но в то же время жутко переживаю а вдруг опять кого то поймают. Тяжело отдавать добытое с таким трудом. Плюнул пять раз чтобы ни У Нижата, ни у Жазиры, Карины и Фархада  не обнаружились всякие запрещено съеденные казы-карта.

Его величие БОКС. Левита можно считать уже Левиафаном. Одолеть кубинца Савона. Это уже подвиг достойный  Левиафана.

Всегда говорил что Дычко, это казахский Клычко. Тычком. Тычком да по башке, и рассекать всех. Бронза была, теперь ждём Золота.

Данияр Елеусинов идет по пути Серика Сапиева, пусть будет Ак жол.

Nyasymbetov must have are gold, no silver again. Not should have and regret, only the gold.

Саттыбаевқа сәттілік тілейміз.

Ералиев ерен ерлігін  жалғастыра берсін.

Алимханұлы әлінің жеткенінше аямай жұдырықтап, алтынға жетсін.

Конечно, Ольга Рыпакова должна опять достать до пьедестала.

Быть может она и устала.

Но надо, надо Оля. Надо. За себя, за нас, и за тех парней и девушек, которые остались за бортом Олимпиады.

13.08.2016г.

 
1
0
876

С 11 по 13 августа 2016 года на территории оздоровительной базы «Лесная сказка» Щербактинского района прошел областной молодежный этнополитический лагерь «Жастар-Отанға!»

Мероприятие организовано Павлодарским областным филиалом молодежного крыла «Жас Отан» при поддержке акимата области и Управления по вопросам молодежной политики Павлодарской области.
Целью данного проекта является формирование нового казахстанского патриотизма среди молодежи, пропаганда и культивирование ценностей, обозначенных в Стратегии «Казахстан-2050», Плане нации: «100 конкретных шагов», развитие и укрепление межнациональных отношений молодежи и подрастающего поколения. 
На торжественном открытии этнополитического лагеря присутствовали - руководство Павлодарской области, депутаты маслихатов всех уровней и Мажилиса Парламента РК, филиалов партии «Нур Отан», Ассамблеи народа Казахстана, представителей общественности области. 

Участие приняли более 75 представителей активной и передовой молодежи со всей области. Для участников лагеря были созданы 3 образовательные площадки: 
1) единство и межнациональное согласие; 
2) лидеры общественного мнения и руководители молодежных организаций; 
3) развитие волонтерского движения. 

В программу лагеря было включено интерактивное общение с экспертами и гостями лагеря, тренинговые программы по развитию личностных и профессиональных компетенций, обучение навыкам проектной деятельности. 
В честь 25- летия Независимости Республики Казахстан участники поддержали инициативу пробежать 2016 метров вокруг стадиона во время зарядки., а основной составляющей Лагеря стал увлекательный и масштабный исторический квест (ролевая командная игра) с элементами веревочного курса, специальных психологических и логических заданий, буккроссинг и почта пожеланий «Жастар-Отанға!». 

0
0
379

12 тамыз-Жастар күні.

Әрдайым қоғамдық істерде алдыңғы шептен табылып, өз ой пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытатын жастар қандай мақтауыңызға да лайық. Қоғамның айнымас бір бөлшегі іспетті жастардың алар орны ерекше, әрине. Тау қопарардай алып күшке ие жалындаған жастардың көштің алғы шебінен табылуы бір жағынан заңдылық та іспетті. Сондықтан да арнайы жастар күні белгіленуі құптарлық-ақ іс. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1988 жылы 12 тамызда өткен Бүкіл әлемдік  конференциясының ұсынысы бойынша бекіткені белгілі. Содан  бері әлемнің әр түкпірінде жастар күні ерекше аталып өтіп келеді. Осыған орай Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі халықаралық жастар күніне орай түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болды.

«Махаббат мекені» жобасы аясында Рамазановтар жас отбасының некесі  қиылып, үлкен өмірге Жастар орталығынан аттанды. Жасжұбайлардың келесі махаббат аялдамасы Гагарин атындағы жастар саябағы болды.

Одан әрі, қала жастары Естай атындағы Мәдениет Сарайынан бастау алып, Гагарин атындағы саябағына дейін авто шерумен жалғасы. Қызыққа толы мереке  түрі түсті бояулар фестивалімен толысты. Өздерін, достарын түрлі түстіге бояп, көңіл көтерді. Мерекені HummerDizzy тобының  қатысумен кешкі би кеші жалғай түсті.

Мерекені ұйымдастырған: «Дені сау ұрпақ» Қоғамдық қоры, Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөнінде басқармасы, Павлодар облысы ішкі саясат бөлімі және Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығы.

0
0
2267

Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі және қызметтік әдеп ережелері

А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында, Сәтпаев көш.,1 «б» мекенжайында (конференц-зал) «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның міндеттері мен мақсаттары  қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.

Конференция барысында 5 баяндама тыңдалды, баяндамаларда мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауына бағытталған жұмыстың тетіктері және әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныстар көрініс тапты.

Конференция жұмысына құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның соңында баяндамалар жинағы әзірленіп, жұмыс барысында қолдану үшін мемлекеттік органдарға үлестірілді.

0
0
696

Адал жолмен өмір сүру

А.ж. 11 тамызда    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен  бастау алған  «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде  Целиноград және Қорғалжын аудандарының шекарасында «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Қорғалжын ауданына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты  рәсімге «Нұр Отан» партиясы Қорғалжын аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жұмабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Нүркенова, аудандық мұрағат басшысы Нұржан Сарбалин қатысты.  Сәуле Нүркенова өз сөзінде осы эстафетаны қабылдай отырып, ауданымызда жемқорлық фактілерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиені, сондай-ақ, жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру  мақсатында түрлі шаралардың өткізіп тұратындығын,  осындай маңызды шаралар арқылы аудан тұрғындарының жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бірлесе қатысатындығын атап өтті.

«Адал жол  - Честный путь» марафоны Қорғалжын ауданында үстіміздегі жылдың 23 тамызына дейін жалғасады.

   
0
0
579

Открытие областного молодежного этнополитического лагеря «Жастар-Отанға!».

Сегодня, 12 августа на территории оздоровительной базы «Лесная сказка» Щербактинского района прошло официальное открытие областного молодежного этнополитического лагеря «Жастар-Отанға!».

В работе лагеря было задействовано более 75 представителей активной и передовой молодежи со всей области. Они работали по трем образовательным площадкам:

1) единство и межнациональное согласие;

2) лидеры общественного мнения и руководители молодежных организаций;

3) развитие волонтерского движения.

В программу лагеря включены интерактивное общение с экспертами и гостями лагеря, тренинговые программы по развитию личностных и профессиональных компетенций, обучение навыкам проектной деятельности. 
Основнойсоставляющей Лагеря стал увлекательный и масштабный исторический квест (ролевая командная игра) с элементами веревочного курса, специальных психологических и логических заданий.

Организатор этнополитического лагеря «Жастар-Отанға!», председатель МК «Жас Отан» Данияр Айтышев отметил, что проект направлен на  формирование нового казахстанского патриотизма среди молодежи, пропаганде и культивированию ценностей, обозначенных в Стратегии «Казахстан-2050», Плане нации: «100 конкретных шагов», развитие и укрепление межнациональных отношений молодежи и подрастающего поколения.

В мероприятии приняли участие заместитель акима Павлодарской области Бегентаев М.М., депутат Мажилиса Парламента РК  Айзада Курманова, первый заемститель председателя областного филиала партии «НурОтан» Теренченко И.С., депутаты маслихата всех уровней.

 
0
0
686

Сезім өшті демеші, тек демеші «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Расставаясь навсегда»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

       

Күн күркіреп өткенде, жаңбырымен,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Кемпір қосақ күлгенде, жылуымен,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Жел өтсе де, борандатып, тоқтамай,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Жылатса да тағдыр сені, аямай,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Жазым келіп, жер гүлденіп жатқанда,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Күнде шаршап, ұясында қайтқанда,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Әлі де, әлі де, күн шығады жарқырап,

Өмір заңы, солай ғой, сан құбылған.

Тағдыр күлсе бетіңе, сенің қарап,

Шын сезімде, үміт болсын, жағылған.

 

https://www.youtube.com/watch?v=WKpjJHMsDl0

1
1
667

Ұстаз. Шәкірт. Пара.

Мектепке жұмысқа алғаш келген жылы 7- сыныптарды берді.
23-ақпанда бір оқушы қыз әтір сыйлады.
Алмайын десем, 25 баланың алдында жасөспірім қыздың сағы сынатын түрі бар. Оның үстіне мінезді қыз бала еді.
Алуға тура келді. 
Рахметімді айттым да, бүкіл сыныпқа қарата 
- Мен сендерді оқытқаным үшін мемлекеттен жалақы аламын! 
Ол аз ба, көп пе - менің жеке проблемам!
Сондықтан, маған сыйлық жасаудың алды да, арты да осы болсын!
Келесі жолы сыйлық әкелсеңдер, сыйлығыңды терезеден атам, өздеріңе "2" қоямын! - дедім, дауысымды қатайтып.
Мектепте де "сымсыз телефон" жақсы жұмыс істейді. Ол "телефонның" хабары жылдан жылға ауысып отырады. 
Содан кейін, маған оқушы да, ата-ана да сыйлық ұсынған емес (Фейсбукте біраз шәкіртім және олардың ата-аналары, мектептес әріптестерім отыр. Сөзім өтірік болса, айта жатар).
Жыл сайын кейбір ата-аналар 
- Баламды ҰБТ-ге дайындаңыз! 
Сұрағаныңызды береміз! - деп өтініш жасап жатады. 
- Балаңызды жұрттан бөліп дайындаудың қажеті шамалы. Сабақта айтқанымды орындаса болды.
Үй тапсырмасын орындауды сіз қадағалаңыз. Нәтиже жаман болмайтынына мен кепіл! - деп бас тартамын.
Жалпы, меніңше мұғалім мен оқушының арасында -тауарлы-ақша қатынасы болуы мүмкін емес.
Шәкіртінен пара дәмету өз балаңды баққаныңа ақы сұраумен бірдей.
Сондықтан, қылмыстық заңға өзгеріс енгізіп, пара-сыйлық алған оқытушыны өмір бақи педагогикалық қызметпен айналысуға тиым салынуы тиіс. 
P. S. Тағдырдың жазуы шығар. Маған алғашқы және соңғы рет сыйлық жасаған қыз, ұлымның 11 жыл бір партада отырған ең жақын досына күйеуге шығып, өзіме келін болды :-)

0
0
631

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік қызметшілер қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Наурызбай ауданы әкімі аппаратында  «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының, Ішкі істер басқармасы, прокуратура Аудандық сот және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Наурызбай  ауданы әкімінің орынбасары  Балтөре Пірәлиев азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру мен  мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік  қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданған жаңа  заңдар  мемлекеттік қызметшілердің сапалық жағынан өсуіне өз ықпалын тигізетін мәселелерге тоқталды.

Департаменттің қызметкері Сайлау Оразов     Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексінде» мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын   талаптарды күшейту, қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға, олардың мінез құлқының негізгі стандарттарына  толық түсініктеме берді.

Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы – Саят Әбдіғалымов, Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасының прокуроры – Мәди Жәкенов, Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мамажанов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Самат Тұяқбаев азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндамалар жасады.

0
0
989

Сыбайлас жемқорлықсыз денсаулық сақтау саласы

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы мен  Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің  (әрі қарай - Департамент) қатысуымен Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының    денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруды талқылау бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.  Жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер,  қоғамдық қорлардың басшылары, әкімдіктің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, Алматы қаласының емханалары мен ауруханаларының бас дәрігерлері қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин  мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көтеру – бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі мен азаматтардың   Қазақстанның мемлекеттік органдарының қызметіне деген сенімін арттыру. Сонымен бірге Департамент  мемлекеттік сапалы қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асырады және қоғамда мемлекеттік сапасыз қызметтер көрсетілген жағдайлардың жауапкершіліктері туралы атап өтті.

Сонымен қатар,  сыбайлас жемқорлықты болдырмауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүйелі шаралар көзделген.  Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (сыртқы және ішкі), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Құлқаева 2015 жылдың 29 желтоқсанында өткен Қоғамдық тыңдауда  денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сапалы  қызметтер көрсету  бойынша   айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалу барысы мен   Департаменттің ұсыныстары туралы атап өтті.

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының басшысы  Өскенов Қанат қоғам мемлекетке көмектесуге тиіс, себебі Елбасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік сапалы қызметтер көрсету  мәселелері көтерілуде.  Қазіргі заманғы  уақыт талабына сай озық ойлы сәттерге аяқ басып келеміз деп атап өтті. Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын тұрғындар дұрыс түсіну керек, себебі, қоғам мамандардан нақты іс-қимылды талап етеді.

Талқылау барысында ҮЕҰ басшылары үлкен кезек туралы, науқастарға  дөрекілік көрсету мәселелеріне назар аударды және ересектер мен балаларды   бір маман емдейтін  жалпы практиканы енгізу туралы айтты. Сондай-ақ қызмет  алушылар сыбайлас жемқорлық  көріністерін тудыратын алғышарттармен кездесетіндігі туралы өз ойларын ортаға салды. Талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы нақты ұсыныстар айтылды.

0
0
1108