Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі және қызметтік әдеп ережелері
А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында, Сәтпаев көш.,1 «б» мекенжайында (конференц-зал) «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның міндеттері мен мақсаттары қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.
Конференция барысында 5 баяндама тыңдалды, баяндамаларда мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауына бағытталған жұмыстың тетіктері және әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныстар көрініс тапты.
Конференция жұмысына құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның соңында баяндамалар жинағы әзірленіп, жұмыс барысында қолдану үшін мемлекеттік органдарға үлестірілді.

