Адал жолмен өмір сүру
А.ж. 11 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен бастау алған «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде Целиноград және Қорғалжын аудандарының шекарасында «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Қорғалжын ауданына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы Қорғалжын аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жұмабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Нүркенова, аудандық мұрағат басшысы Нұржан Сарбалин қатысты. Сәуле Нүркенова өз сөзінде осы эстафетаны қабылдай отырып, ауданымызда жемқорлық фактілерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиені, сондай-ақ, жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында түрлі шаралардың өткізіп тұратындығын, осындай маңызды шаралар арқылы аудан тұрғындарының жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бірлесе қатысатындығын атап өтті.
«Адал жол - Честный путь» марафоны Қорғалжын ауданында үстіміздегі жылдың 23 тамызына дейін жалғасады.
