Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік қызметшілер қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Наурызбай ауданы әкімі аппаратында  «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сонымен қатар,  «Нұр Отан» партиясының, Ішкі істер басқармасы, прокуратура Аудандық сот және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Наурызбай  ауданы әкімінің орынбасары  Балтөре Пірәлиев азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру мен  мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік  қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданған жаңа  заңдар  мемлекеттік қызметшілердің сапалық жағынан өсуіне өз ықпалын тигізетін мәселелерге тоқталды.

Департаменттің қызметкері Сайлау Оразов     Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексінде» мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын   талаптарды күшейту, қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға, олардың мінез құлқының негізгі стандарттарына  толық түсініктеме берді.

Дөңгелек үстел барысында Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы – Саят Әбдіғалымов, Алматы қаласы Наурызбай аудандық прокуратурасының прокуроры – Мәди Жәкенов, Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мамажанов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Самат Тұяқбаев азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғау жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндамалар жасады.

0
0
944

Осы тақырып бойынша

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік қызметшілер қолдайды - Yvision.kz