Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті жастар!

Өзіңізді белсеңді, мақсатына жете білетін, бәсекеге қабілетті, елінің болашағы үшін тер төгуге дайын жас азамат деп санасаңыз, Сізді облыс әкімі жанындағы Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес құрамына мүше болуға шақырамыз. Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде өткен Жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңес отырысында облыс әкімі Бақауов Б.Ж. берген тапсырмасын орындау негізінде, Павлодар облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Кеңес құрамына мүшелікке іріктеуге өтінім қабылдауда. Өзіңіздің жұмыс тәжірибиеңіз, жетістіктеріңіз көрсетілген (ұсынымға сай) деректеріңіз бен резюмеңізді [email protected] электрондық мекен-жайына жіберіңізді. Өтніш а.ж. 20 тамызына дейін қабылданады. Қосымша Қосымша ақпаратты алу үшін келесі нөмір арқылы хабарласыңыздар: 66-…

0
0
740

Алау жанындағы әңгіме

А.ж. 10 тамызда Целиноград ауданы Қараөткел ауылының жастары «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде алау жанына жиналып, әңгімелесті. Алау жанына жиналған жастар сыбайлас жемқорлықтың заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне кедергі келтіретіндігі, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын бұзып, бәсекелестік талаптарына нұқсан келтіретіні, экономикалық дамуды бәсеңдетуі және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамның моральдық негіздеріне қауіп төндіретіні жөнінде әңгіме-дүкен құрды. Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры С. Мусина «Сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюіне байланысты дүние жүзінде жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Көптеген мемлекеттердің алдында «С…

0
0
1059

Мақтарал ауданында Абай Құнанбаевтың шығармалары насихатталды

Кеше Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 171 жылдығына орай және «Абай поэзиясы күніне» арналып Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласындағы Абай гүлзарында мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Кеште Ұлы ақынның әндері шырқалып, іс-шараға жиналған Жетісайдың тұрғындары мен қонақтары ақынның поэзиясымен сусындады. Сонымен қатар, «Абай тағлымы – халық даналығы» деген атпен кітаптар көрмесі өтті. Абай Құнанбаевтың даналық сөздерін, айтқан өсиеттерін еске алған жұртшылық және жаңадан үйленіп жатқан жас жұбайлар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

1
0
1306

«Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорныбас директорының бос лауазымдық орнына орналастыруға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан орны: 010000, Астана қаласы, Орынбор көш., тел. 8-7172-79-83-80. Кәсіпорынның негізгі қызметі: Кәсіпорынның қызмет нысанасы қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін, мемлекеттік бақылау желісін пайдаланумен метеорологиялық және гидрологиялық мониторингін жүргізу болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гидрометеорология, техникалық ғылым және технология саласындағы жоғары білім, мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес экономика саласындағы басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы, қаржы-шаруашылық қызметтерін басқарудағы ғылымдар мен технологияларды тәж…

0
0
609

ҚР Үкіметінің «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңның жобасы туралы» қаулы жобасына және ҚР «Париж келісімін ратификациялау туралы» Заңның жобасына баспасөз хабарламасы

2016 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы 2015 жылы желтоқсанда Париж қ. (Франция) өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясының қорытындысы бойынша қабылданған Париж келісіміне қол қойылды.

Келісім жаһандық орташа температураның өсуін жоғары индустрияға дейінгі деңгейлерден 2°С-тан едәуір төменірек деңгейде ұстауға бағытталған.

Аталған құжат ратификациялауға жатады.

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=6802

0
0
331

Абай Құнанбаевтың туған күні қашан?!

10 тамыз емес, 23-ші тамыз. Ұлы Абай Құнанбаев атамыздың туған күні қашан? 10 тамызда Алматы мен Мәскеуде Абай Құнанбаевтың туған күні аталып өтетінін білеміз. Ақын ескі жыл қайыру бойынша 10 тамызда туған. Ал 1917 жылдан бастап, бұл 23 тамызға сәйкес келеді екен. Жалпы, қазақ зиялыларының туған күніне қатысты кейінгі кездері қарма-қайшы пікірлер айтылып жүр. Хәкім Абайдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық мерейтойлары 10 тамызда тойланды. Мектеп оқулықтарында ақын 1845 жылы 10 тамызда дүние есігін ашты деп жазылған. Алайда, Астана жұрты мен Семей өңірі соңғы 3-4 жылда ақынның туған күнін 23 тамызда атап өтуді дәстүрге айналдырған. Себебі, 1917 жылдан кейін әлемдегі күнтізбе 13 күнге жылжыған. Яғни, қазіргіше - 23 тамыз. Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:…

0
0
3463

2016 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

"Казахстанская правда" газетінде мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ (pdf файлы) немесе жүктеп алу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз. Тағы бір балама СІЛТЕМЕСІН ұсынамыз. Тізімде адамның аты-жөнін жылдам табу үшін Ctrl+F батырмаларын басыңыз. Білім гранттарын…

0
0
1877

Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі тағайындалды. Мақтарал ауданының әкімі лауазымына Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов тағайындалды. Ғ.Ы.Исмаилов 1961 жылы 10 қарашада туылған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық № 2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары ә…

1
0
2300

Жас адамдардың әлеуметтенуіне іс-шаралар

2016 жылы Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара ынтымақтасу туралы меморандумы шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенуіне және бейімделуіне бағытталған іс-шаралар топтамасын өткізеді. Топтама келесі тақырыптар бойынша 13 іс-шарадан тұрады: психологиялық бейімделу және оңалту, репродуктивті денсаулық, еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері. Тәжірибелік сабақтарда Павлодар облысының түзеу мекемелеріндегі (АП 162/2, АП 162/3 и АП 162/4) жас адамдарға білікті мамандар сабақ береді: психологиялық бейімделу және оңалту бойынша сабақтарды психотерапия және психологиялық қолдау орталығының психологы С.И. Павленко, ре…

0
0
522