Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сезім өшті демеші, тек демеші «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Расставаясь навсегда»

Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

       

Күн күркіреп өткенде, жаңбырымен,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Кемпір қосақ күлгенде, жылуымен,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Жел өтсе де, борандатып, тоқтамай,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Жылатса да тағдыр сені, аямай,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Жазым келіп, жер гүлденіп жатқанда,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

Күнде шаршап, ұясында қайтқанда,

Сезім өшті демеші, тек демеші.

 

Әлі де, әлі де, күн шығады жарқырап,

Өмір заңы, солай ғой, сан құбылған.

Тағдыр күлсе бетіңе, сенің қарап,

Шын сезімде, үміт болсын, жағылған.

 

https://www.youtube.com/watch?v=WKpjJHMsDl0

1
1
594

Осы тақырып бойынша