Сыбайлас жемқорлықсыз денсаулық сақтау саласы
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай - Департамент) қатысуымен Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруды талқылау бойынша кеңейтілген жиын өткізілді. Жиынға «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлардың басшылары, әкімдіктің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, Алматы қаласының емханалары мен ауруханаларының бас дәрігерлері қатысты.
Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көтеру – бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі мен азаматтардың Қазақстанның мемлекеттік органдарының қызметіне деген сенімін арттыру. Сонымен бірге Департамент мемлекеттік сапалы қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асырады және қоғамда мемлекеттік сапасыз қызметтер көрсетілген жағдайлардың жауапкершіліктері туралы атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүйелі шаралар көзделген. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (сыртқы және ішкі), сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Құлқаева 2015 жылдың 29 желтоқсанында өткен Қоғамдық тыңдауда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік сапалы қызметтер көрсету бойынша айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалу барысы мен Департаменттің ұсыныстары туралы атап өтті.
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының басшысы Өскенов Қанат қоғам мемлекетке көмектесуге тиіс, себебі Елбасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік сапалы қызметтер көрсету мәселелері көтерілуде. Қазіргі заманғы уақыт талабына сай озық ойлы сәттерге аяқ басып келеміз деп атап өтті. Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын тұрғындар дұрыс түсіну керек, себебі, қоғам мамандардан нақты іс-қимылды талап етеді.
Талқылау барысында ҮЕҰ басшылары үлкен кезек туралы, науқастарға дөрекілік көрсету мәселелеріне назар аударды және ересектер мен балаларды бір маман емдейтін жалпы практиканы енгізу туралы айтты. Сондай-ақ қызмет алушылар сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын алғышарттармен кездесетіндігі туралы өз ойларын ортаға салды. Талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы нақты ұсыныстар айтылды.
