Мазмұнға өту

Жаңа

Сот ісін жүргізуде сот приставтарының міндеті

Мемлекеттің демократиялық даму жолында негізін құрайтын маңызды тармағының бірі — сот жүйесі. Сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуы —азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа, билікке сенім арттыруының кепілі. Өз құқықтарын қорғау мақсатымен сотқа жүгініп барған азаматты сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын сот приставтары. Өйткені сотқа келушілер тарапынан, сот мамандары мен басқа да тұлғаларға келуі мүмкін қауіп бетін қайтару сот приставына жүктеледі. Сотқа келген адамдарды алғаш қарсы алатын, тізімге тіркеп кіргізетін – сот приставы. Сот приставының қызметі – өте жауапты жұмыс.

Сот приставы туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сот приставының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес негізгі міндеттері: 1) сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылау; 2) бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау; 3) іс жүргізу әрекеттерін орындауда сотқа жәрдемдесу, тағы да басқа жауапты істерді атқару.

Сот приставына кемінде жиырма бір жасқа толған, заң жағында оқыған орта білімі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы жақсы, арнаулы тексерістен өткен  Қазақстан Респуликасынын азаматы болып  табылатын адам тағайындала алады.

Міндеттерді атқаруға байланысты қандай да нақты әрекеттердің сипаты мен мазмұны әрқашан қалыптасқан жағдайға байланысты айқындалады. Мысалы, сот мәжілісіндегі судьялардың, қатысушылар қауіпсіздігін сот отырысының залында қамтамасыз ету приставқа жүктелген. Олардың нақты іс-әрекеттерінің сипаты сотпен қандай істің қаралып отырғанына (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), жабық не ашық сот мәжілісінде қаралуына байланысты. Шағымданушы мен жауапкердің психологиялық ерекшеліктері, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі міндетті түрде ескеріледі.

Сот төрағасының, сот мәжілісіне төрағалық етіп отырған судьяның өкімдері ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Бұл өкімдер сот отырысының не оның қандай да бөлігінің басында нақты тәртіп бұзушылықты жоюға бағытталған нұсқамалық болып саналады.

Сот приставының қорғаушылық функциясын жүзеге асыруы сот пен судьяның сотталушыға және басқа да азаматтарға процессуалдық міндеттемелер шараларын қолдану шешімін орындауда көрініс табады. Заңда бұл шаралар, еріксіз айдап әкелуден басқасы, толық айқындалмаған. Приставтардың міндеттемелік сипаттағы шаралар тізімінің тәжірибелік маңызы зор. Еріксіз айдап әкелумен қатар бұл сотталушыны сот залынан қамауға алу, сонымен қатар сот мәжілісі кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаларды отырыс залынан шығару секілді шешімдерді орындауы.

Сот отырысының қатысушылары мен азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында сот приставы отырысқа сот бөлмелерінің дайындығын тексеруі қажет. Бұл тек сот ғимаратындағы бөлмелерге ғана емес, көшпелі отырыстарда қаралатын істерде қолданылатын аудиторияларға да қатысты. Мұндай жағдайда сот приставы отырыс қайда, қандай уақытта, қандай іс қаралатыны жайлы алдын ала ескертілуі тиіс. Егер де қылмыстық іс қаралатын болса, сотталушы мен оған қолданған бұлтартпау шарасы жайлы да ескерілу керек. Алынған ақпаратқа байланысты ол ғимаратпен (аудиториямен) танысып, сот қызметінде белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету мүмкіндігін не мүмкінсіздігі туралы қорытынды жасап, оны іс өндірісінде болып табылатын судьяға жеткізуі қажет.

Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік нормаларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі. Ал сот приставы белгіленген құқықтар мен міндеттеріне осы игі істе сай өз септігін тигізеді.

Сөзімді аяқтай келе, сот приставының атқарар жұмысы жауапкершілікті, сабырлылықты, білімділікті талап етеді. Сот приставы на қойылатын талапқа лайықты болуға әр кез дайынмын.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының сот приставі Н.Сыдыков

 
0
0
814

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механихзімі  өтінііш беру болып табылады.  Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының маңызы зор.  Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру мен оны қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жалпы “өтініш” дегеніміз-өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға  жіберілген арыз-ұсыныс, шағым, сауал немесе үн қосу.   Өтініш жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электронды құжат нысанында беріледі. Электронды құжат нысаныендағы өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған болуы қажет.

Өтініштің бір түрі болып есептелетін “Арыз” –адамның өз құқықтары мен бостандықтарын іске асрыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмыстарындағы кемшіліктер туралы хабарлама немесе олардың қызметін сынау болып табылдады. Жазбаша өтінішке қандай талаптар қойылады?

Біріншіден, өтініш қойылған мәселелерді   шешу құзіретіне кіретін субъектіге немемсе  лауазымды тұлғаға жіберілуі тиіс;

Екіншіден, жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ,  қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекен -жайы,  арыз иесінің қолы немесе ол электрондыдық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы тиіс. Ал, заңды тұлғаның өтінішінде оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері мен күні көрсетіледі:

Үшіншіден, шағым жасалған кезде, іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немемсе лауазымды тұлғалардың  лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен, талаптары көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша  өтініш жасаған арыз берушіге арызының тіркелген уақыты мен күні, қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Заңның 5- бабында қарауға жатпайтын өтініштер көрсетілген.  Дайындалып жатқан немемсе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік  немесе қоғамдық   қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзіретіне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиісті жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш, мәселенің мәні баяндалмаған өтініш қарауға жатпайды. Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, өтініш қайтадан қаралады.

Бүркемеленген өтініш дегеніміз-өтініш иесін біліу мүмкін еммес, қолтаңбасы, (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы) жоқ және арыз берушінің пошталық мекен –жайы жоқ өтініш. Мұндай өтініш қарауға жатпайды.

Заңның 8- бабына сәйкес, өтінішті қарау үшін өзге  субъектілерден лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге барып тексеру талап етпейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші 15 күн ішінде қаралады.

Егер өтінішті қарау үшін субъектілерден лауазымды адамдардан ақпарат алу  немесе  жергілікті жерге барып тексеру  талап етілетін жеке және заңды  тұлғаның өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде  қаралады және ол бойынша шешім қабылданады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда; қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге  ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі  ұзартылған кезден бастап 3 күн ішінде арыз берушіге хабарланады.  Өтініштің қаралу мерзімін субъектінің басшысы  немесе орынбасары ұзартады.

Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, өтініш түпкілікті  орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылып, күнтізбелік 3 күн ішінде бұл туралы арыз берушіге хабарланады.  Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзіретіне жатпайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін  мерзімде арыз берушіге бұл туралы хабарландырылады және өтінішті қарау құзіретіне  кіретін тиісті субъектіге жіберіледі. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді мемлекеттік тілде немесе өтініш  берілген тілде болуға , арыз берушінің  қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немемсе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.

Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер не жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе алдыңғы берілген өтініш бойынша егжей-тегжейлі тексерілген материалдар бар болса және арыз берушіге тиісіті жауаптары берілген болса өтініштерді қарау тоқтатылады. Өтінішті қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе орынбасары қабылдайды. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша субъектінің немесе лауазымды тұлғаның қабылдаған шешіміне  қанағаттанбаған жағдайда, бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған  лауазымды тұлғаға немесе субъектіге шешім белгілі болған  кезден бастап 3 айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Егер шағым берудің 3 айлық мерзімі өтіп кетсе шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды, себебі  шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды қарау кезінде анықталады, бірақ шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған субъекті немесе лауазымды  тұлға болған жағдайда немесе арыз беруші қабылдаған шешіммен  келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі. Сондай-ақ, көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты өзіне келген шығындарды өндіртіп алу үшін лауазымды тұлғалардың, субъектілердің сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бас маманы-сот отырыс хатшысы А.Әбіл

 
0
0
3108

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловқа ҰСЫНЫС-ХАТ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловқа

Жер мәселелері бойынша жұмысшы топтың мүшесі,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ө. Шыныбекұлынан

ҰСЫНЫС-ХАТ

Ералиев ауылындағы жанжал туралы түрлі дереккөзден там-тұмдап біраз материал жидық. Әлі анықтай түсетін ақпараттар да жеткілікті..

Бір анығы...

Еліміздегі кез келген диаспора өкілінің автохтон ұлт - қазақ халқының өкіліне қарсы жасаған зорлық-зомбылығы мен тұрмыстық кикілжіңіне басқаша реңк беріп, ұлтаралық жанжалға айналдыруға немесе солай көрсетуге тырысатындар қашанда табылады.

Әсіресе, мұндай жағдайлар экономикалық дағдарыс кездерінде қауіпті.

1. Сондай жағдайдың алдын алу үшін ҚХА, диаспоралардың мәдени орталықтары мен зиялы қауым өкілдері өз туғандарының санасына жердің иесі қазақ екенін жастайынан сіңіру керек.

Қазақстанның барлық естияр тұрғыны мойындауға тиісті бір шындық бар.

Қазақстанда қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсармай, өзге ұлттардың ішкендері бойларына сіңуі қиын екенін терең ұғынулары тиіс..

2. Өз кезегінде қазақ жастарының санасына мемлекетіміз бен еліміз өркендеп-өсуі де, өшуі (беті аулақ) де өз қолдарында екенін, қазақ халқының Қазақстаннан басқа Отаны жоқ екендігін, сондықтан еліміздегі тыныштық ең алдымен қазақ халқына керектігін, тұрмыстық жанжалға ұлтаралық реңк беруден тек өзіміз ғана ұтылатынымызды ұғындыруымыз қажет. Керісінше, диаспора өкілдері жанжалдасып жатса, оларға басу айтып, шаңырақтың иесі қазақ халқы екендігін сездіріп тұруымыз керек.

3. Ал, Маятас (2006 ж.), 2015 ж. ақпан айында болған  Сарыағаш жанжалдарының алғы шарттарының жасалуына белгілі бір деңгейде мемлекеттік органдардың қызметкерлері де себепші болған еді. Оның өзі арнайы зерттеуді қажет етеді.

 

Өткен жылғы Сарыағаш оқиғаларынан сабақ алмадық.

Жауырды тағы жаба тоқымай, осы жолы объективті зерттеу жүргізілуі тиіс.

А). Ең алдымен, аудандағы мемлекеттік органдардың (жер бөлу, білім саласы, кадр саясаты, құқық қорғау-сот) жұмысы жіті тексерілуі тиіс.

Қазақтар тәжіктерге неліктен өшікті екен?

Келіп түскен ақпараттарға қарағанда  тәжіктер қазақтарға қарағанда бақуаттау тұратын көрінеді.

Тәжік ұлтының еңбекқорлығына шүбәмыз жоқ. Бірақ Мырзашөлдің қазағын да ешкім жалқау деп айта алмайды.

Өткен жылы жанжал болған Сарыағашта да жағдай сондай еді.

1. Оны анықтау үшін прокуратура таяу жылдарда ауданда тәжік ұлтының қатысуымен болған қылмыстық істерді көтеруі керек.  Сол істердің соңғы шешімі қалай болды екен?

2. Жер телімі мен жеңілдетілген ауылшаруашылық субсидиялардың бөлінуін тексеруі керек. Егер солақай шешімдер қабылданған болса, жауапты қызметкерлер қатаң жазаға тартылуы керек. Осылар анықталмай жағдайды тұрақтанды деп айтуға болмайды. Іштей бықси береді де, қолайлы сәт туғанда қайта лап ете қалады.

Ә). Ұлттық мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайы кешенді түрде терең зерттеліп (тексеріліп емес), мектеп басшылары мен тарих пәнінің мұғалімдерін шұғыл түрде қайта даярлықтан өткізу керек.

Б). Рас-өтірігін білмеймін, былтыр Сарыағаш оқиғалары кезінде 2011 жылға дейін тәжік тілінде Қазақстан тарихы оқулығы болмағандықтан, тәжік мектептерінде Тәжікстан тарихы оқытылыпты деген сыбыс шықты.. Ұлттық мектептерді Қазақстан тарихы, География, Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті секілді оқулықтармен толық жәнге тегін қамтамасыз ету.

Әрбір ұлттық мектептен міндетті түрде қазақ сыныптарын ашу.

В). Бәріңізге белгілі, қазір әрбір әулет, ауыл, аудан ғана емес, диаспоралар да өз тарихын жаздырып, пәленбай тиражбен шығартып тастады.

Ол кітаптарды кім жазды, не жазды, оны тексеріп жатқан пенде жоқ.

Сондай кітаптардың арқасында жаңадан бір "батырлар", "билер", "әулиелер" шығып жатыр.

Мектеп, ауыл, аудан кітапханаларында тұрған сондай кітаптардың бір-бір данасын алдырып, тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар жіті тексеруі қажет!

Г). Өңірімізді мекендейтін диаспоралар арасында 1989 – 2014 жылдар арасында ең үлкен демографиялық өсімді өзбек пен тәжік этностары берген.

Мысалы, 1989 жылы облыстағы өзбек халқының саны 285042 адамды құраса, 2014 ж. ол көрсеткіш 456 459 адамға жеткен. Ал тәжіктер 1989 ж. 19593 адам болса, 2014 ж. 33530 адамға жеткен.

Аталған этностар негізінен өңіріміздегі халықтың тығыздығы аса жоғары Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында шоғырланған.

Сондықтан, тұрғындарды солтүстікке қоныстандыру аясында аталған этнос өкілдері арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оларды солтүстік өңірлерге қоныстандыруды бастауымыз керек.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша  Солтүстік облыстардағы ЖОО-а білім алу үшін өзбек, тәжік жастарына  грант бөлуді ойластыру қажет.

Ал, дәл қазір жағдайды реттеу үшін облысымызда жер мәселелері бойынша құрылған жұмысшы топты пайдалануымыз керек.

Себебі, құрамына беделді қоғам белсенділері  топ өзі құрылған аз ғана уақыт ішінде бірнеше аудандарда кездесу өткізді. Ол жиындарға облысымыздың барлық аудандарының өкілдері қатысып, жерге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жұмыс барысында топтың құрамына кірген облыстық әкімдіктің департамент басшылары С.Әбдіқұлов пен Б.Төлеген өз кәсіби шеберліктерін көрсете алды.

Ең бастысы, жер мәселелері бойынша құрылған жұмысшы топ мамыр айында елді шеруге шақырған белсенді азаматтарымызды сендіре алды.

Енді осы жұмысшы топты кеңейтіп, тұрақты топ етіп қайта құру қажет.

Топтың құрамына облыс прокуроры мен ІІД бастығының орынбасарлары мен Облыстық Білім Басқармасының басшысын  кіргізу қажет.

Сосын топтың жұмыс жоспарын жасап, әр аптаның бір күнін бір ауданда жиын өткізуге белгілеу керек.

Ол жиындарда қаралатын мәселелерге шектеу қоюдың қажеті жоқ. Тұрғындарға  өз ұсыныс- пікірлерін алаң мен көшеде емес, залда айтуға мүмкіндік жасауымыз қажет.

Ал, топқа жетекшілік етуді өңірдегі жағдайды жақсы білетін, осы салада үлкен тәжірибесі бар азамат – Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мырзаға тапсырған жөн.

Осылай етсек, қана біз қалт-құлт етіп тұрған ішкі тұрақтылықты сақтай аламыз..

3 тамыз 2016 ж.

 
0
0
1283

Құдайдың құдыреті — адам

 

Балалықта армандайды адамдар
Болсам ғой деп табиғаттың тылсымы.
Планетадан да алшақ кетер армандар,
Бітпес оның ешқашанда қыр — сыры.
Менің де бір таусылмайтын сұрауым,
Соған орай бұл өлеңді шығардым.
Балалық шақ есте қалар мәңгілік
Міне тізім…
Еске алып құрадым.
Дамылдамас Жел де болғым келетін
Ойнап — қунап бар әлемді кезетін.
Түн патшасы Ай да болғым келетін
Бар сәулесін ғашықтарға төгетін.
Кейде Таудың Шыңы болғым келеді
Аспанменен, аппақ қарға оранғым.
Балалықта ешбір адам сенбеді
-<<Ұшам!>> — десем, сәл көтеріп қабағын.
«Мүмкін, содан, Құс та болғым келетін
Өмір кезіп, тәтті әуен салатын.
Әлде… мүмкін… Гүл де болғым келетін
Бар жылуды топырақтан алатын.
Мүмкін сонда Жер де болғым келетін
Бар тіршілік тамыр жайып, нәр алған.
ЖОҚ!
Адам болғым келеді
Құдай бізді бар асылдан жаратқан.

0
0
403

Тәуелсіздік жылдарында ҚазМҮББУ-де 170 мыңнан астам медициналық қызметкерлер біліктілікерін арттырып, қайта даярлау курстарынан өтті

1991-2015 жылдары ҚР ДСӘДМ Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде (әрі қарай – ҚазҮББУ) қайта даярлау мен жетілдіру курстарына 170 мың 779 дәрігер, провизорлар, орта медициналық қызметкерлер, денсаулық сақтау саласының менеджерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің  мамандары қатысты.

ҚазҰББУ-да 38 кафедра жоғарғы білім беруден кейінгі оқыту саласында қызмет етеді. Соңғы 10 жылда мамандықтар саны үш есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда магистратура 3 мамандық, резидентура 27 мамандық бойынша білім береді. Аталған бағыттар ашылғаннан бастап 7 жылдың ішінде 159 магистрант пен 919 резидент дайындалды.

ҚазҰББУ-да клиникалық бағытты дамыту аясында Клиникалық машықтар орталығы жұмыс істейді. Ол медициналық қызметкерлердің практикалық машықтарын дамыту мақсатында жоғарғы технологиялы виртуалды симуляторлар және манекендермен жабдықталған.

Алматының емдеу-профилактикалық ұйымдарында ҚазҰББУ-ның 70 клиникалық базасы бар. Онда университет мамандары емдеу-диагностикалық және консультативтік көмек көрсетеді. Соңғы 25 жылда 340 мыңнан астам паценттер емделіп, 900 мыңнан астам адамға консультативтік қызмет көрсетілді, 130 мыңнан астам адамға ота жасалды.

ҚазҰББУ-ның бірнеше кафедралары жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Мәселен, 2015 жылы 897 пациентке аталған медициналық көмек көрсетілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті практикалық денсаулық сақтау саласы үшін дипломнан кейінгі мамандарды дайындау бойынша білім беру орталығы болып кесептеледі.

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің оқыту-клиникалық кафедраларында жоғары мамандандырылған профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, олардың 63%-ында ғылым докторлары мен кандидаттары атағы бар. Оның қатарында 3 ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 2 ҚР ғылым саласының құрметті қайраткері, 2 ҚР еңдегі сіңген  дәрігері, 12 ҚР және шетел салалық ғылым академиясының мүшелері бар.

Университет медициналық ұйымдармен, ЖОО-мен, Финляндия, Германия, АҚШ, Швеция, Оңтүстік Корея, Шотландия, Австрия және ТМД елдерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық орталықтарымен бірлесе отырып жұмыс істейді. Бұл білім беру, ғылым, емдеу процестеріне алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге мүмкіндік берді.

 
0
0
410

Орынбасар Әбсатов — Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің дамуы мен проблемалары

Орынбасар Әбсатов - Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы

Қазіргі таңда мемлекет пен жекеменшік әріптестігі бүкіл әлемде кеңінен таралған. Әлемнің барлығы дерлік дамыған және дамушы елдерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін қолдану бойынша бірінші орынға автожолдарды салу және қайта жөндеу саласын қоюға болады, одан біршама қалыс қалатын салаларға денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау және канализация, теміржолдар, аэропорттар салу сияқты негізгі салалар жатқызылады.

Біздің елімізде әуелгі баста, яғни тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында  мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінен мемлекеттік активтерді басқару элементі ретінде қарастырылған болатын. Бастапқы қадамдарда инвесторларға жалғыз инструмент – концессия ғана ұсынылды, яғни дәлірек айтсақ, бұл редакция бойынша қазақстандық концессия объектілерін шетелдік концессионерлерге жалға беру ғана қарастырылды.

Мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің шығу тарихына көз салар болсақ, тіпті Ежелгі Рим дәуірінде мунисиптер (municipal – қазіргі заманғы муниципалитеттердің аналогы) пошта станциялары, порттар, су өткізгіш жолдар, базарлар және моншалар сияқты антикалық инфраструктуралар объектілерін басқаруды жекеменшікке беру практикасын қолданған. Францияда XVI-ғасырдан бастап билік өкілдері өз бақылаулары аясында жекеменшік есебінен экономикалық қажеттіліктерді, оның ішінде транспортпен қамтамасыз ету және коммуналдық қызметтерді дамытуды қолға ала бастады. Дәлірек айтар болсақ, 1552 жылы Францияда қоғамдық инфраструктура саласындағы ең алғашқы концессия – Адам де Крапонн деген кәсіпкерге Кро алқабында канал салу жобасы берілді. Ал, Ұлыбританияның өзінде мемлекеттік концессиялар жекеменшікке XVII-XVIII ғасырларда беріле бастады – Англия мен Уэльс елдерінде маяк қызметтері мемлекет пен бизнес өкілдерінің әріптестігі принципі бойынша өрбіді. XIX ғасырда концессиональды механизмдер арқасында теміржолдар, ірі-ірі кеме өткізгіш каналдар және көптеген басқа инфраструктуралық кешендер салынды және осы ғасырды концессияның «Алтын ғасыры» деп аталуы да тегін емес. Бұл аралықтартағы концессия механизмімен іске асырылған атақты жобаларға Суэц каналы (1855 жыл) мен Париждегі Эйфель мұнарасын (1887-1889 жылдар) жатқызуға болады.

Қазіргі таңда әлем елдерінің әрқайсысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің даму деңгейі мен бағыттары әртүрлі, және кейбір елдерде, оның ішінде Қазақстанда да аталған қарым-қатынастардың қалыптасуы мен енгізілуі әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр.

Негізінен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің даму жолын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

1)    Дайындалу (осы сала бойынша мемлекеттің саясатын пысықтау, қажетті заңнамаларды талдау және қалыптастыру, осы сынды  мәселелерімен айналысатын арнайы ұйым құру, т.б.);

2)    Енгізу (МЖӘ-ті қолдану аясын кеңейту, жобаларды қаржыландырудың жаңа жолдарын іздеу, заңнамалық кедергілерді жою, МЖӘ жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру, т.б.);

3)    Жетілдіру (методологиялық инструкциялар мен нұсқаулықтарды жасау, МЖӘ-ті іске асыру модельдерін жақсарту, жобаларды қаржыландырудың дамытылған жүйесі, МЖӘ мәселелері бойынша жоғары біліктілікті мемлекеттік қызметкерлер).

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1-ші кезең толық аяқталды деп айтуға болады және 2-ші шақтың кейбір позициялары басталып та кетті. Десе де, даму барысында толғандыратын мәселелер де жоқ емес

–Аталған саланы дамыту бойынша дұрыс жолды таңдадық па?

–Болашақта қандай міндеттер атқару қажет?

–Жеке бизнестің МЖӘ жобаларына қатысуы үшін барлыұқ жағдай жасалды ма?

–Қай жерде қандай қателіктеріміз бар және оларды қалайша қарқынды түрде түзетіп, одан әрі жетілдіре аламыз?

Осы сынды сұрақтар бойынша алдағы уақытқа жоспар құрар болсақ, әлемдегі басқа елдердің даму жолдарын толық қайталамай, тек тәжірибелерін ғана ескере отырып, өзіміздің даму жолымызды бірнеше есе қарқындата түсуге болмай ма деген ой келеді. Мысалы, алдыңғы қатарлы халықаралық практикалардың көрсеткіштері, жобаларды іске асырудың жетістігі, өз кезегінде мониторинг жүргізу мен бағалауды жоба басқарудың қажетті және бөлінбес бөлігі ретінде қарастыратын жоба менеджментінің механизмдерін қолданған кезде арта түсетінін көрсетіп отыр. Бұл мәселені шешу үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мен мониторинг жүргізуді, жоба басқару тұрғысынан қарауды (оның ішінде жобаларды басқарудың Ұлттық стандарты негізінде) қолдана отырып жүзеге асыруды ұсынуға болады.

Қазіргі уақыттағы осы саланың әр жылда әр жоба бойынша қайталанатын өзекті мәселелерін тез арада шешудің жолдарын тапсақ, біршама сатыға жоғарылап қалар едік. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің жоқтығы – аталған саланы дамытудың басты кедергілерінің бірі. Осы саланы өз бетінше практикалық түрде меңгеріп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің теориялық дайындығын пысықтап жіберуге қомақты қаржы да, күш те қажет емес, тек ұйымдастыру жұмыстары тиімді орындалса жеткілікті. Жобалардың іске асырылуына тоқсан сайын жүргізілетін мониторинг нәтижесінде анықталатын сол жоба барысында жіберілген олқылықтарды тек тіркеп қана коймай, оларды оперативті түрде шешуді қолға алсақ, басқа дамыған елдердің ғасырлар бойы сұрыпталып жеткен жетістіктеріне бірнеше, әрі кетсе оншақты жылдың ішінде жете аламыз.

 

Материал 10.08.2016ж.  http://ult.kz интернет басылымында жарияланды

http://ult.kz/post/kazakstandagy-memlekettik-zhekemenshik-ariptestiginin-damuy-men-problemalary

 
2
0
1039

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Қазіргі таңда қоғам талқысына көп түсіп жүрген Білім және Ғылым министрлігінің енгізіп отырған реформалары Қазақстанның қарапайым азаматшасы ретінде мені де бейжай қалдырмады. БАҚ-та, министрліктің сайтында жарияланған барлық ақпараттарды оқып, зерттеп көрген едім. Қызықсаңыз, оқып көріңіз!

Бүгінгі бала - ертеңгі маман, ертеңгі министр, ертеңгі президент! Ақпараттық технологиялар ғасырында бәсекеге қабілетті, ел экономикасына үлес қосып табысқа жетуі үшін, ол еңбек нарығында өзіндік орнын таба білуі тиіс. Қазіргі біздің мектептердегі білім беру жүйесі - барлық оқушыға бірдей бәсекеге қабілетті болатындай білім бере алмауда.

Ал, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, заман талаптарына сәйкес, күнделікті тұрмыстық проблемалардан да басқа істерге араласуы үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар сыни, жасапмаздық, командалық жұмысқа бейімділік, көшбасшылық, қарым - қатынас жасауға икемділік, білімпаздық, қажырлық, әлеуметтік және мәдени мәселермен әрдайым айналысатын белсенділік сияқты бірнеше қасиеттерді сіңіре білу керек. Осының бәрі, классикалық білім беру мен орта білім беру мазмұнына арнайы зерттелген тәсілдемелер арқылы енгізіліп отыр.

Елімізде 5 жылдан астам уақыт бойы осындай оқу бағдарламалары шеңберінде бірнеше зерттеулер жасалған екен. Бұл зерттеулердің нәтижесінде 30 мектеп апробациядан сәтті өткен. Ал, ең қуаныштысы бұл мектептер қатарында қалалық, ауылдық, шағын жинақтық мектептер де бар.

Жаңа оқыту технологиясы - балалардың, ұстаздардың, ата - аналардың тарапынан жоғары бағаға ие болған. Ал, мұның нәтижесінде, мұғалімдер үшін оқыту барысының жеңілдегенін көруге болады.

Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалімге - ақпарды сараптауына, синтездеуіне, оқушыны дұрыс бағалауына, оқушыға - өзінің қабілеттері мен жетістіктерін жете түсінуіне, ата - анаға - баласының қандай да бір проблемалары туралы ақпарат алуына, министрліктің оқу бағдарламаларының қаншалықты тиімді екендігін анықтауына мүмкіндік бермек.

Осылайша, білім беру мазмұнында оқыту және бағалау арасындағы өзара байланыс қамтамасыз етілетіндігіне көзім жетіп отыр! Бұл бастама көптен қолдау тапса, білім беру жүйесінде едеуәір оң өгерістер болары анық.

0
2
1990

Окунись в историю казахского народа на фестивале «Ұлы дала елі»!

Стань свидетелем мега-фестиваля «Ұлы дала елі»! Окунись в историю своего народа, узнай больше об обычаях и традициях предков, ощути себя настоящим батыром или акыном! Только 2 дня, 19-20 августа, у тебя будет возможность попасть на «машине времени» в незабываемую эпоху Казахского Ханства!

Ұлы даланың дана баласы! Сенің тарихын-сенің болашағын!  Ата-бабамыздың мұрасын есте сақтақтап насихаттау біздің, жастардың міндеті.

В рамках фестиваля «Ұлы дала елі», посвященного 25-летию Независимости Республики Казахстан, запланирован обширный комплекс культурно-спортивных, духовно-просветительских мероприятий, большая  часть которых пройдет в селе Кенжеколь.

19 августа 2016 года. Жанакольский сельский округ, ур. Ескелді

12.00-12.40 Торжественная церемония открытия культурно-гостиничного комплекса «Ескелді»

20 августа 2016 года. Павлодар

10.00-10.30 Торжественное открытие памятника батыру, государственному деятелю Малайсары Тархану.

Село Кенжеколь. Фестиваль «ҰлыДалаөңірі»

11.00-11.15 Торжественное открытие Фестиваля

11.00-18.00 Ярмарка-выставка предметов прикладного искусства и мастер-классы

(с участием ювелиров, мастеров по дереву, войлоку, керамике и вышивке Казахстана, Узбекистана, Киргизии, Монголии, России)

11.00-18.00 Ярмарка-выставка сельскохозяйственной продукции (конкурсы, ярмарка арбузов, мастер-классы по карвингу, приготовлению блюд из арбуза, картофеля)

11.00-18.00 Выставка национальной кухни «Сарқыт»

11.00-18.00 Казахские национальные игры «Ақсандық, көксандық»

(көкпар, теңгеалу, асықату, қазақкүресі, аударыспақидр.)

11.30-14.00 Айтыс акынов «Қанеки, сөйле, қызылтіл»

12.00-18.00 Конно-каскадерское шоу «Nomad»

12.00-18.00 Шоу с ловчими птицами «Саят»

12.00-18.00 Презентация биеннале «Шабыт»

13.00-14.00 Чемпионат стригалей овец на приз «Золотые ножницы»

14.00-15.00 «Үкілікәмшат, бүрмелікөйлек» (fashion-show «Назад к истокам» театр  костюма «Арлан» и танцевального коллектива «Томирис»)

15.00-16.00 «Інжу-маржан» концерт исполнителей традиционной музыки (ән-күй)

16.00-17.00 Концерт эпических песен «Ереуілатқаерсалмай...» (жыр-терме)

17.00-18.00 «Қосалқа». Концерт этно-группы «Қоңыр» и фольклорно-этнографического ансамбля«Тұран»

Павлодар

15.00-18.00 Ипподром «Құлагер». Байга (аламан, тоқ)

Центральная набережная. Нижняя набережная

20.00-21.30 Закрытие Фестиваля «ҰлыДалаЕлі». Гала-концерт

21.30 Фейрверк

0
0
1545

Қалалық орысшаланған ата-аналарға: балаңызға «Балапан» арнасын көрсетіңізші

Бала тәрбиесі бесіктен деген. Негізі ата-әжесінің тәрбиесін көрген баланың жүріс-тұрысы , сөйлеген сөзі тіптен бөлек. Ал, қалалық жерде «асфальтта» әке-шешесінің бетіне қарап өскен баланы бірден байқауға болады. Өзіміз астанада көп қабатты үйлердің бірінде тұрамыз. Кешкісін аулада «қызық» картиналарға куә боламыз. Қазіргі балалар біртүрлі не қазақша, не орысша түсінбейтін дүбара дерсің. Топырақ шашпай әрі ойнайсың ба, қатты айқайламайсың ба деген ескерту сөздеріңе пысқырып та қарамайды ғой. Әнеугүні шамасы 5-6 жастағы ер баланы шақырып алып, ескертуімді жақыннан айтып едім бетіме бедірейіп бір қарады да тұра берді. Қазақша түсінесің бе, әлде орысша айтайын ба дегенімде, «мама, мне говорила с чужими не общаться» демесі барма. Рас, педофил, кісі ұрлығы қаптаған заманда ондайлардан қорқудың да орны бар. Бірақ, айтқанға құлақ аспай, ауладан күнде көріп жүрген үлкен адамның айтқанын алу керектігін білмегені ме дерсің. Қанша дегенменде балаға қазақы тәрбие берген дұрыс па дерсің. Кемпір-шалдың тәрбиесін көрген өзіміз қор болып қалған жоқпыз. Үлкеннің алдын кеспеу, сәлем беру секілді тәрбиені бойымызға сіңіріп өстік. Қалалық орысшаланған ата-аналарға кеңес ретінде болмағанда балаңызға «Балапан» арнасын қосып беріңізші. Қазір қазақша керемет мультфильмдер, бағдарламалардың балаға берері зор. Ауылдағы ағайынымыздың баласы «Балапанды» үзбей көреді екен. Сөйлеген сөздеріне қарасаң түйеден түскендей. Әке-шешесі «Балапаннан» жаттап алған деп күліп отырады. Балаған жалпы қазақы тәрбие берсек ұтылғанымыздан ұтарымыз артық болмай ма. Сіз қалай ойлайсыз?

0
0
593